Наурыз-көпұлтты мемлекеттің көпқырлы мерекесі

      Наурыз түркі тектес халықтардың жаңа жылы. Наурыз діни мейрам емес. Түркітектес халықтар арасында Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі өте ұқсас. Наурызға қатысты ырым-тыйымдары мен салт-дүстүрлер бір-біріне жақын. Наурыз мерекесі жалпыға бірдей жыл басы, көктем мерекесі ретінде тойланып келуде.
     Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы бірнеше ұлт пен ұлысқа мекен болған қасиетті өлке. Осы өлкенің төрінде орналасқан Райымбек батыр атындағы орта мектепте әртүрлі ұлт өкілдері білім алуда. Ұлт арасындағы татулық пен бірлігі жарасқан бұл ордада Наурыз мерекесі жоғары деңгейде тойланды.Наурыз мерекесіне арналған бағдарламада өзге ұлт өкілдерінің қыздары қазақ биін мың бұрала билесе, домбырадан күй төгіліп, мерекеге арналған әндер шырқалды. Барша ұлттың басты тағамдарынан құралған мерекелік дастарханның өзі ұлт достастығының бір белгісі іспетті. Қыстан қысылып шыққан қазақ халқы жеті түрлы тағам қосып наурыз көже дайындайды. Наурыз көже молшылықтың белгісі. Мерекеге орай пісірілген наурыз көжеден ауыз тимеген адам болмады.
    Наурызды тойлайтын ұлт пен ұлыстың тағамдарында өзгешелік болғанымен, берекелі дастархан басында айтатын тілегі бір. Ол – ел амандығы жұрт тыныштығы.



Бөлісу: