Мұсылман баласына
жеке
блог
блог
Хиджабқа қарсы заң шығарған депудтат көкелеріме қапыда кеткен халық қалаулыларының тірісінде айтқан 10 жыл бұрынғы өсиеті
Жаба алмай жүріп ашылғаныңды
Өмір деген теледидар сияқты,
Тек сыртынан қарағанда әдемі...
Жаба алмай жүріп ашылғаныңды,
Мадақтайсың - ау кеп масылдарыңды.
Алдыңдағыны азғырып болып,
Жамандап жүрсең ақымдағыңды,
Кімнен көрмексің аһ ұрғаныңды?
Аяқтағы тасты аспанға атам деп,
Артыңды ойламай басың жарылды.
Хайуандығыңа қарының тоймай,
Жазғырып жүрсең жатырдағы ұлды.
Қайтпексің арам ашынғаныңды!..
Тыйып ал онда ажалын білмес,
Татымсыз ақындарың мен
Тақымсыз батырларыңды!
Оразалы Досбосынов