Құрт туралы білесіз бе?
блог
Құрт - қазақ дастарханындағы ежелден келе жатқан тағам. Пішіні кішкентай болғанына қарамастан, ол өте тойымды. Куба көсемі Fidel Castro кезінде құртты партизандар азығы деп атаған екен. Оның сыры тереңде. Толығырақ айтсақ, жаугершілік замандағы аттың жалы, түйенің қомында күн кешкен кездерде, жауынгерлерге жүре азықтануға тура келгенін білеміз. Бұл үшін әрине жеңіл, бұзылмайтын, тойымды тағам керек және мұндай астардың бірі - құрт болған. Құрттың тойымдылығынан басқа, пайдалы жақтары да бар:
- А витамині құрттың құрамында бар. Ол көздің қырағылығына, бойдың өсуіне, жасушалардың жаңаруына және имунитеттің жақсаруына көмектеседі:
- Е витамині, бұл азықтың құрамында жасушалардың қартаюына жол бермейтін, және ағзаны оттегімен қамтамасыз етеді:
- Д витамині, ол рак ауруының пайда болуын тежейді. Қазіргідей күн қысқарған уақытта, ағзада Д витаминіне қажеттілік туындайды. Сондықтан қысты күні құрт жеген дұрыс:
- С витамині, ағзаның қорғану функцияларын жақсартады.
Құрт - керемет сергітетін азық. Құсуға қарсы тағам. Құрт жүкті әйелдерге пайдалы деуге болады. Әйткенмен, құрамында көп мөлшерде тұз болғандықтан, құртқа тым құмар болмаған жөн. Құртты сирек жеген абзалырақ.
Рахманқұл Ерасыл