Қыз бала – елдің айнасы. Алып батырлар, қаһарман тұлғалар, еліне сыйлы, үлгілі азаматтар – нәзік жанды ананың жатырынан, мейірімділігі мен аналық қасиетінің ұшқынымен шыққан. Қыз бала – табиғатынан нәзік, кербез, әсем. Табиғаты ерек қыз баласына қазақ халқы ертеден тәрбесіне, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, киім үлгісіне баса назар аударуының терең мағынасы бар. Тарихы тереңде жатқан қазақ халқының негізін салып кеткен хан – батырлардың кеңес беріп, сабырға шақырып, жанынан табылатын жарларының да атқарған рөлі зор. Дана қазақ халқы болатын оқиғаның басын қайырып, алдын алып отырған. Көрегенділігі мақал – мәтел бейнесінде көрініс табады.
1. Жақсы қыз ـ жағаңдағы құндыз.
2. Қызға қырық кісі сөйлейді
3. Астың дәмін келтірер түз емес пе, елмен жерді қосатын қыз емес пе.
4. Әке тұрып ұл сөйлегеннен, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.
5. Қыздың қырық жаны бар.
6. Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер, жаман болса ұрыс кірер.
7. Қыз қылығымен сүйкімді.
8. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмас.
9. Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілінер.
10. Қыз өсірсең ұятымен.
Қазақ қызы өр мінезді де, қылымсыған нәзік те бола білген. Ақылдылығы мен тәрбиелігімен ерекшеленген, ұятты бірінші орынға қойған қазақ қызы құндылығы – халықтың діңгегі.