Ислам шариғатының салт-дәстүрге көзқарасы


Ислам діні адамзат баласының өмірін азабқа айналдыратын дін емес. Ол өте жеңіл, қарапайымдылықты дәріптейтін мұғжизаға толы дін. Ислам діні ешқашан көзсіз сенімді насихаттамаған. Құран Кәрім әрдайым адам баласына ой жүгіртуге, ойлануға шақырған. Алла Тағала әр нәрсені жаратуда адам баласына ғибрат болсын деген даналықпен жаратты. Жеті қабат аспанның, жердің, таулардың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің, жеміс-жидектердің т.б жаратылыстардың сұлбасында көкірегі ояу, көзі ашық жандар үшін ғибрат аларлық хикметтерге толы. Құран аяттарының көп жерінде Ойланбайсыңдар ма?, Ақыл жүгіртпейсіңдер ме? деген аяттар көптеп кездеседі. Алла Тағала Құран кәрімде «Ағраф»сүресінің 176-аятында: « فَاقْصُصِ الْقَصَصَ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ».
( (Мұхаммед Ғ.С.) Уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер).
«Әнғам» сүресінің 50-аятында: «قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الأَعْمَى وَالْبَصِيرُ أَفَلاَ تَتَفَكَّرُونَ».
((Әй Мұхаммед Ғ.С. Оларға) айт: «Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?»,- де).
«Бақара» сүресінің 44-аятында: «أَتَأْمُرُونَ النَّاسَ بِالْبِرِّ وَتَنسَوْنَ أَنفُسَكُمْ وَأَنتُمْ تَتْلُونَ الْكِتَابَ أَفَلاَ تَعْقِلُونَ»
(Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойланбайсыңдар ма?).
Уақыт пен заман ағымына қарай өзгеріп жағадан жарыққа шығып отыратын мәселелерге жаңа шешім, түрлі жағдайларды ақылға салып, жергілікті халықтың танымын негізге ала отырып оңтайлы шешім шығару тиіс. Сондықтан ислам үкімдері мен салт-дәстүр бір-бірімен сабақтасып жатады. Ислами дәстүрлердің барлығы Құран және сүннетке негізделген. Ал, түрлі ұлт пен ұлысқа және нәсілге байланысты өзгеше күйге еніп отыратын түрлі сол ұлт пен нәсілдің Құранға және сүннетке қайшы келмейтін тұрғылықты, адами факторларға байланысты қалыптасқан сал -дәстүрге негізделген. Ислам діні тарих сахана сына шыққан сәттен бастап діннің негіздеріне жаңалық еңгізбей сенім және өмірде кездесетін басқа да салаларды дінге қайшы келмейтіндей етіп өзгерту басты ереже болған.



Бөлісу: