Ата салтым- асыл қазынам

Қазақ халқы-салт-дәстүрге өте бай халық.Біздің халқымыздың түсінігінде ең бай қазына- адам!Адам мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп,өмірде өз жолын табуы үшін,қарапайым тіршілік етуі үшін сол ұлт жасаған рухани құндылықтарды білуі,игнруі,қолынан келсе,айналасына,өзінен кейінгілерге үйретуі қажет.Ұлттық дәстүр,ата-бабадан келе жатқан салт-сана,ана уызымен жүрегің мен жадыңа тоқылған өнеге-сенің өмір жолыңды айқындайды.Біздің дәстүрімізде ұлттың тарихы,мәдениеті мен өнері,діні мен тілі адамды адам ететін адамгершілік қасиеттерінің ең озық үлгілері жинақтплған.

  Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп,үйрену және өмірде қолдану- ағайынды адастырмас сара жол.Мұны отбасында ата-ана,мектепте ұстаз,көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп,айтып отырса,ұтарымыз көп болар еді.Дегенмен,заман қарқынды дамуда.Соған сәйкес дәстүріміздің біразы ұмытылуда.Соның қатарына:Қымызмұрындық- жаз тойы болып,мамыр айына созылатын үлкен той.Осы кезде мал отығып,биелер желіге байланып,қымыз жиналып,ағайын-жекжаттар бірін-бірі қымызға шақырады.Құран оқып,мал сойылып,түрлі ойын-сауықтар,жарыстар ұйымдастырылады.Осы кезде түрлі той-томалақтар да өткізіледі;Ат майы- тұрмысы нашар,жоқ-жітік,жетім-жесірлерге көмек көрсетіп,қол ұшын созу белгілі бір дәстүрлер арқылы жүзеге асырылған.Соның бірі- ат майы.Мінер аты жоқ кедейлер байлар мен ауқатты кісілерге немесе көрші-қолаң,туған-туысқандарына келіп "ат майын" сұрайды,яғни,бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мініске ат сұрайды деген сөз.Мұндай жағдайда әр адам сұраушының көңілін қалдырмаған; секілді дәстүрлер жатады.

 Әйтседе,ғасырлар бойы мағынасын жоғалтпаған берекелі мереке- Наурыз тойы.Наурыз мейрамы-күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады.Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып,тал егіп,игілікті жұмыстар атқарады.Бұл кезде мал төлдеп,жер көктеп,дүние жаңара бастайды.Сондықтан да наурыз тойын "тепе-теңдік","игілік","жаңару" мейрамы деп те атайды.Бұл күні ақ түйенің қарны жарылып,ақ тіленіп,қуанышқа ұласады.Бұл қазақ халқының төл мерекесі.

 Салт-дәстүр- қазақ халқының өшпес мұрасы,асыл қазынасы.Халықтың атадан балаға көшіп,дамып отыратын тарихи әлеуметтік,мәдени-тұрмыстық,салт-сана,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы көрінеді.Салт-дәстүр байлығы- мәдениеттің байлығы.

 

                       Абай атындағы РММИ-дің 

                         10 «В» сынып оқушысы

                             Нурдаулет Перизат



Бөлісу: