Салты жақсының – халқы жақсы

Біз қазақ халқы ежелгі кезден-ақ тәрбиеге ерекше көңіл бөлетін халықпыз. Салт-дәстүр осы тәрбие негізімен ұштасқан.Сол себептен ата бабаларымыз салты жақсының-халқы жақсы деп текке айтпаған.

Қазіргі сәтте заман өзгеріп, адам өзгерген сәтте салт-дәстүрімізді біреу білсе ,біреу білмейді. Оған не кедергі? Менің жеке ойым бойынша, біз күннен күнге жаңа технологиялар дамып жатқанына орай, бұрынғыға көп көңіл бөле бермейміз. Соның салдарынан қаншама жас басқа жолға түсіп кетіп жатыр. Ел боламын десең бесігіңді түзе деп ұлы қаламгерлеріміз айтқандай, өзімізді өзіміз түземесек ешқашан ел бола алмаймыз. 

Қазақ елі бұрынғы кезден-ақ салт-дәстүрлерге өте бай халық.Мысал келтірсек: тұсау кесу-бұл жердегі тәрбие: бала тәй тәй қадам басқаннан оған жақсы мен жаманды айыруға, ешқашан біреудің ала жібін аттамауға үйретеді. Соны жастайынан естіп, көріп өскен жас ұрпақ, ешқашан нашар тірлікке бармайды деген ойдамын. 

Қорыта келе,біз кішкентай кезден ақ салтымызға көп көңіл бөліп, басқаларға насихаттай білуіміз керек. Ел боламыз, жер боламыз десек осы кішігірім берілген сөзге аса терең мән берсек, біз келешекте ерекше де белгілі ел бола аламыз! 



Бөлісу: