Әр адамдардың өмірінде ең мағыналы оқиғалардың бірі болып саналатын ол, әрине, отбасы және жанұя құру. Бұл маселеге, бақытқа орай, ерте ме кеште ме әркім кездеседі, және ең басты сұрақ ол өз өміріңді кіммен байланыстыру, кіммен өмірідің қуанышы мен қайғысын бөлісу? Әрине, кез келген адаммен отбасын құру мүмкін емес. Уақыт келген кезде әр адам өз жарын тауып алады, бұл ешқандай тағдырдың жазығы емес, бұл әр кемеліне келген адамның өз жасаған таңдауы. Таңдау жасалып, адамдар бір-бірін танып, жақсы біліп, араларында сенімділік туып тұрса, қарым-қатынастары белгілі бір деңгейге жеткен кезде жұп отбасы құрастыру туралы ойлана бастайды. Отбасын құрастыру үшін жастар неке қию қажет.
Біріншіден, олар ресми түрде АХАЖ-ға барып тіркелеу керек; екіншіден, жастар ерте заманнан бастап келе жатқан қазақтың салт-дәстүрлері бойынша той өткізуі керек. Осындай той-думанда бүкіл ауыл жиналып, бір біріне көмектесіп, бәрі қыдырып мереке өткізеді. Бірақ қазіргі заманымызда біздің қоғамда қалыптасқан ой-пікір бойынша, үйлену тойы тек қана өз отбасының бақыты мен қуанышымен бөлісу ғана емес, басқаларға өз байлығын және молшылығын көрсету . Осы тойды өткізу рәсімі оңай болып табылмайды, тойға дайындалу кезінде көп уақыт, күш пен қаржы кетеді. Ғашықтар және олардың жақын туыстары айлар бойы, кей кезде жыл бойы тойға дайындалады. Қазіргі уақытта тойға жіберілетін ақшаны санайтын болсақ, ол орта есеппен 5 миллион теңгеден асады. Кейбір адамдар жақсы той өткізу үшін несие алып және тойдан кейін бірнеше жыл төлеп жүреді. Той жасаған кезде мейрамханаға, киімдерге, тамақтарға, сыйлықтарға, тойбастарға, тамада мен оның тобына, бишілер немесе әншілерге шығындар әр орта отбасының қалтасына қолжетімді емес. Бұл тек қана тойға кететін шығындар, ал тойдың алдында әрине құдалық қоржынын сыйлау, сырға салу, қыз ұзату деген рәсімдер де шығынды болып табылады.
Осы қазақ тойы туралы ойлансақ, әрине бұл есте қалатын кеш болып саналады, бірақ осы бір ғана кеш осынша шығынға тұра ма? Қазіргі уақытта, өкінішке орай, кейбір жас неке қыйған жұптар үйлену тойның несиесі аяғына дейін төленіп үлгермей-ақ айырылысып кетеді. Той жасау керек пе керек емес пе деген сұрақ қойған кезде, ең бірінші біз «Қазақтар тойды не үшін жасайды?»- деген сұраққа жауап беру керекпіз. Біріншіден, бұл бұрыннан келе жатқан салт-дәстүр. Екі жасты бүкіл туысқандар құттықтап, олардың жаңа құрған шаңырақтары биік болсын деп тілейді. Екіншіден, ата-аналар өздерінің баларына үйлену той жасауды борыш сияқты түсінеді, көптеген ата-аналар баларына былай деп айтады: «Біз неше тойға барып үлгердік, өз тойымызды да жасау керекпіз, басқалардан ұят болады». Кей кезде ата-аналар туысқандардан ұялып той жасаса, басқа кезде олар «Біз не, басқадан кембіз бе?»- деген сұрақпен той жасауды шешеді. Расын айтсақ, қазақ халқына мақтаншақтық пен боямалық қасиеттері біраз деңгейге тән. Тойлар көбінесе жастар үшін жасалмайды, олар туысқандар үшін жасалады. Қазіргі тойда «Кім қандай киім киінді?», «Кім дастарханды қалай жайды?», «Кім тойына көбірек ақша шаша алды?» деген сұрақтарға жауап ізделеді.
Біздің ғасырымызда той жастардың мерекесі емес, ол отбасының байлығының көрсеткіші мен нышаны. Үйлену тойлардың рәсімі бірдей өтеді, бірдей қалжыңдарды, бірдей тілектерді де естуге болады. Менің ойымша, шеңберден шықпайтын, бәріне бірдей өтетін мерекені мыңыншы рет қайталап, ата-анаңның осыншама қаржысын жұмсауда ешқандай мағына жоқ. Әрине неке қиу рәсімін өз жақын отбасының ішінде тойлау керек, бірақ 200-300 адам жинап көп шығын шығару ол ысырап жасаушылық. Өзім қойған сұраққа жауап берсем, әрине неке қиу тойлану керек, бірақ Қазақстанда қазіргі уақытта өтетін тойларды жасау кей уақытта мағынасыз.