БлогҚұрылтай жасаған презентацияммен сіздермен бөлісейін деп ойладым. Себебі, қазіргі кезде кез-келген адамға SMM керек сала. Әр журналист, әр блогер немесе әр сайт иесіне қажетті құрал деп ойлаймын. SMM ді негізі жасау үшін арнайы оқудың қажеті жоқ, тек дұрыс жасай алу керек.
Сонымен, SMM деген не? SMM- әлеуметтік желі арқылы танымал болу, компания не сайтты таныту, өз ақпаратыңды тарату, тұтынушымен тікелей қарым-қатынасқа шығу. Қазақстанда SMM ұғымы 2011 жылы кеңінен таныла бастады. SMM барлық нәрсеге жасалады және оны жеке адамға да жасауға болады.
SMM не береді?
Компанияны (сайт) таныту; Танымалдылықты арттыру; Сатылым, Сайт трафигі
Тұтынушылармен тікелей қарым-қатынас; Негативпен күрес
Жылдамдылық және қолжетімділік; Дайын аудитория, Ақылы жарнама жасауға мүмкіндік
Вирустық жарнама (видео); Пікір және болашақ дамуға сілтеме
Қазақстандағы танымал әлеуметтік желілер:
1. Мой мир (жас аралығы - барлық жас, 90%), 2. Фейсбук (22-50 жас, 80% тиімді)
3. Вконтакте (12-22, мир сияқты, 60% іздеуден шығады) 4. Твиттер (22-)
5. Инстаграм 6.Гугл + (гугл өз өнімін бірінші береді) 7.Ютуб 8. Мой нур 9. Сұрақ-жауап
SMM жасау үшін не істеу керек?
1. Аудитория зерттеу, сенің тауарыңды қалай ұсынуды ойлау, ойластыру, жоспарлау
2. Күніне қанша жазба саласың нақты санмен жоспар құру
3. Әлеуметтік желілердің жас ерекшелігін анықтау-түсіну, соған қарай ақпарат беру
4. Белсенділік, күнделікті тұрақты жазу
5. Негатив жазатын, сіздің әрекетіңізді ұнатпайтындардың пікірін білу жеке сөйлесу
6. Әлеуметтік желідегі белсенді адамдарды тарту
7. Викторина, ойын мен емес адамдарды контентпен қызықтыра білу
8. Өтірік ақпарат бермеу, бастысы контент ұраламау (тіпті сурет ұраламау)
9. Хэштег қолдану, бірақ оның саны 3 тен көп болмауы керек
Фейсбук арқылы танымал болған Қазақстандық өнімдер:
SMM жасауда жиі кететін қателіктер:
1. Сілтеменің бір уақытта көп берілуі (яғни аудиторияны жалықтырып алу)(массагет, мұнара, айналайын сайттарында көп кездеседі)
2. Түсініктеме бермей құры сілтеме салу (бақ.кз сайтында көп кездеседі)
3. Жиі ойын ойнату (адамдар сізден ойын күтіп жүреді) (31 арна сайты, киностан сайты)
4. Тек бір бағытта жүргізу немесе админнің бір жақты көз-қарасы (киностан сайты тек жігіттер көз-қарасына қатысты жүреді SMMдері)
5. Компания өнімін өз атынан бөлісу, тікелей сұрақ қойған кезде жауап бере алмай қалу
6. Қайырлы таң, түн, жұмамен күнделікті құттықтау
7. Уникалды контенттің болмауы және ақпартты дәл уақытында бере алмау
8. Өз ара қолдаудың болмауы яғни сұрақ-жауап бөлімінің дамымауы
9. Жаңа материал болмаса беттің жаңармауы (неке.кз сайтына да қатысты)
10. Бір сілтемемен сол компанияның бірнеше адамның бөлісуі, максимум 2 болу керек