PR дегеніміз не?

PR дегеніміз не?
жеке
блог

Көпшілік PR мамандарын журналистермен шатастырып жатады. Алайда, бұл мамандық иелерінің атқаратын жұмыстары да, міндеттері де мүлдем бөлек.

Беделді қалыптастыру, басқару  ісімен дәл осы мамандар айналысады. Қазіргі кезде бұларды барлық  министрліктер, мемлекеттік және жеке ірі компаниялар және  бірқатар  ірі  тұлғалардың жанынан көруге болады. Олар министрліктің немесе мемлекеттік жеке компанияның баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс департаментінде, жарнама және маркетинг бөлімінде, БАҚ-пен байланыс бөілімнде немесе жеке PR агенттігінде жұмыс  істеуі  мүмкін. 

Пиардың ең бір келешекті жолдарының бірі – брендинг. Қалай дегенмен де, шоу-бизнестегі брендинг нарықтағы жансыз дүниенің брендінен көп өзгешелік жасайды. Мысалы, нарықтағы зат шексіз ұзақ уақыт бренд бола алады, ал шоу-бизнесте әртістің шығармашылыққа деген қабілетіне байланысты. Пиардың келесі бір түрі – бұқаралық ақпарат құралдары. Танымал тұлға сұхбат арқылы да өзінің атақтылығын арттыра алады. Әртістің жеке концерттерін жиі беруі де – пиарға жатады. Әсіресе, ел аралап, гастрольдерге шықса. Қазақстан шоу-бизнес әлемінде пиарды өз орнымен пайдаланып жүрген тұлғалар да бар. Мәселен, «МузТВ-2015» сыйлығының иегері Қайрат Нұртас – бүгінде сұранысқа ие бренд. Осы мүмкіншілігін пайдаланып, ол да сәтті пиар жасады: фильм түсірді, жеке киім дүкенін ашты, өз атымен журнал шығарды, концерттерін жиілетті. Және халқының сүйіспеншілігін жоғалтқан жоқ.

Мәселен, Жапония техникалық жаңалықтарымен, яғни, ғылыммен барша  жұртқа танылып отыр. Демек, ол техниканы өзіндік бренд ретінде таныта білді. Содан кейін ғана жапонның ұлттық тағамдарына, тұрмыс-салтына деген қызығушылық оянды.

Италия пиццасымен, Франция мұнарасымен, Араб елдері мұнайымен, Қытай медицинасымен, Швейцария банк жүйесі және сағатымен әйгілі. Қазақ та дәл осылай өзіндік бренд қалыптастырса, мерейі өсері хақ. Яғни, бұл аталмыш брендтер табиғатынан емес, әр ұлт өз қолымен жасаған, өзі ойлап тапқан. Бұны алға ұмтылу, даму дейді. Қазақ халқы жаңалыққа үнемі дайын бола бермейтінін жасыра алмаймыз. Кейде өз тарапымыздан қолдау көрсету де аз. Қорыта айтқанда, дәстүрлі құндылықтармен қатар, ғылым, техника, медицина сынды тағы да басқа салалар арқылы да ұлттық бренд қалыптастыруға болады және соған жету жолында тырысуымыз қажет.

Пиардың дамуының қазіргі кезеңі,бірқатар зерттеушілердің пікірінше,1965 жылдан басталып қазіргі кезеңге дейін жалғасуда.С.Катлип бұл кезеңді «жалпы ғаламдық ақпарат»деп атаған.

АҚШ-та жылына маркетинг пен пиарға мемлекеттік қордан 2 миллиард $ бөледі.Бұл өз кезегінде АҚШ-тың қоғаммен байланыс саласына қаншалықты көңіл бөлетінін көрсетеді.

Есіңізде болсын, бізге Батыстан көмек сұраудың қажеті жоқ. Өйткені жаңағы менеджерлердің қызметін қымбатсынатын шоу бизнес өкілдері батыстағы идеяларға «жиендік» жасайтын көрінеді. Бірақ сарапшылар мұндай идеялармен халықаралық нарыққа шыға алмайтынымызды құлаққағыс жасауда.  Жалпы, мамандар «біздегі шоу бизнес өкілдері үнемі бірінші болуға ұмтылады» дегенді алға тартады. «Бірінші болуға емес, бірегей болуға ғана ұмтылғанда ғана адамның еңбегі еленіп, қандайда бір биіктікті ешқандай жалған пиарсыз бағындыра алады» дейді мамамандар, сондықтан шоу бизнестегі жас буынға айтарымыз, бірінші емес бірегей болуға тырысыңыз дегіміз келеді.

Шетелдерде пиар жазушылар, жалпы пиардың өзі өте қарқынды дамыған. Ал біздің елімізде пиар туралы жзатындар кімдер? Олардың өзін саусақпен санап алуға да болады. Ербол Азанбек, Әлішер Елікбаев, Ерлан Асқарбеков – пиар саласында есімдері айқын көрінушілер. Білім, мамандық, біліктілік, теория, тағы да басқа танымды әрі қызықты тақырыптарды қамтиді. Әрине, шоу-бизнес, той-бизнес, асүйге қатысты, тағы да басқа тақырыптарда жазушылар бар, алайда нақты имидж қалыптастыра алмауда деп айтуға да болады.

Әрине, бір мақалада PR туралы толық түсіндіру мүмкін емес. Себебі бір пиар ұғымының 500 анықтамасы бар екен...