Бүгін , міне, мен үшін ең ғажайып сәттердің бірі.Себебі, бүгін менің ең сүйікті тобымның туған күні!!! Оne direction тобы осыдан 4 жыл бұрын құрылған. Сол жылы олар бірігіп, қазірде милиондаған жанның ең сүйікті әншілері атануда .One direction - менің өмірімнің бір бөлшегі,қуаныш сыйлар жандардың ұжымы.Оларсыз мен өмір сүре алмаймын . Өмірден түніліп , ренжіген кезімде осы жандардың суреті мен әніне құлақ түрсем,бөлек бір ғажайып әлемге тап болғандай боламын . Өмірдің қандай қызық екенін осы жандардан үйрендім.Олар менің бойыма бақыт,сенім ұғымдарын егіздестіре білді,достық пен сыйластықтың үлгісі болды,маған сене білуді және мақсатқа жетуді үйретті .Олар -менің қамқоршыларым,жанашырларыма айналды. Мен осы жандардың арқасында өмір сүруді үйрендім . Мен осы топтың жанкүйері болғаныма бақыттымын ! Бұл өмірде сендер секілді дарынды,көңілді жандар барына қуанамын! One direction сенің барын қандай жақсы !