"ONTOI" ЖҰЛДЫЗДАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.

жеке
блог
блог
"Нұр Отан" партиясы ОҚО филиалы, "NAR.TV" телеарнасы, "Шымкентфильм" студиясы бірлесіп ұйымдастырған "ONtoi жұлдыздары" байқауы қорытындыланды.

Шараға "Нұр Отан" Партиясының ОҚО Филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, "NAR.TV" телеарнасының директоры Ерсұлтан Əмірбек, ОҚО Мəдениет басқармасының мəдениет жəне өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Берік Жорабеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Береке Дүйсебеков пен "Арыс" емдік-сауықтыру шипажайының басшылығы жəне бұқаралық ақпарат құралдары мен байқау жеңімпаздары қатысты.

Еліміздегі той мəдениетін арттыру, салт-дəстүрдің насихатталуы мен ұмыт болған дəстүрлерді жаңғыртуға пікір қосу, келеңсіздіктердің алдын-алу жəне дəстүрімізге жат əдет-қылықты болдырмау мəселелеріне облысымыз тарапынан үн қосу мақсатында ұйымдастырылған байқауда терең ой, келелі пікірімен "Алтын алқа" баспасының директоры Əсет Əссанди бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынмен "Оңтүстік Қазақстан" облыстық қоғамдық саяси газетінің тілшісі Лаура Тастанбек,



"Темірқазық Ой" газетінің басшысы Анар Сүлеева, "Əжір" Республикалық балалар 



