Nutella мен Kinder Surprise-ті кім ойлап тапты?
блог
2015 жылдың ақпанның 14 күні Nutella, Kinder Surprise, Raffaello және т.б. кәмпиттерін ойлап шығарған, 26.5 миллиард доллар қазынаға ие болған Италиядығы ең бай адам көз жұмды. Бұл мақала зиялы Микеле Ферреро және оның табысқа жету жолы туралы болмақ.
Отбасы бизнесі
Микеле Ферреро1925 жылдың сәуір айында Пьемонт қала маңында дүниеге келген. Соғыс кезінде оның ата-анасы Альба қаласында тәтті тағамдар дүкенін ашты. Сол кезде какао бұршақтары сирек болса, орман жаңғағы орманды жерлерде мол өсті. Кондитерлер Наполеон кезінде турин кондитердің ойлап тапқан «джандуджа» атты жаңғақ-шоколад пастасын еске түсірді. 1946 жылы Ферреро отбасысы 500 кг паста өндірсе, бір жыл өткен соң, 10 тонн паста салмағын сатты. Алғашқы кезде тауар май сияқты бумада шығарылса, кейін нанға жағу ыңғайлы болу үшін бал қаймақ түрінде шығарылатын болатын.
Отбасы иесі, Микеле Феррероның әкесі қайтыс болғаннан кейін отбасы бизнесі оның ағасына, Джованниге берілетін болатын. 1957 жылы, Джованни өмірден кеткен соң Микеле Ферреро компания бастығы болып тағайындалды.
Kinder Surprise-тің өмірге келуі
Католик Микеле өзін «Шоколад жұмыртқаларын тек Пасха кезінде неге жейді?» жиі сұрайтын болатын. Ол аналар балалардың сүтке үйрету тәсілдерін іздесе, балалар бәрібір кәмпитті сұрайтынын жақсы түсінді. Осылайша Kinder жұмыртқасы пайда болды: сыртта шоколадты, ішінде ақ сүтті; әр жұмыртқа ішінде ойыншық табуға болады. Микеле өз жұмысшыларына жұмыртқыларға толы 20 машинаны дүкендерге апарып жіберу бұйрығын берген кезде, жұмысшылар қатты таң қалды: Пасхаға дейін әлі көп уақыт бар ғой,-деді олар. Сонда Микеле «Енді Пасха күнде болады!» деді. Шын мәнінде Kinder жұмыртқаларын жылдың әр мезгілінде көптеген мемлекеттерде сатады.
Даму
Микеле Ферреро 1964 жылы жаңғақ паста рецептін дамыта бастады. Ол оның құрамын өзгертіп, Nutella атын қойды. Ол өз тауарларын бүкіл әлемге танымал еткісі келді. Бұрын Ferrero офистері тек кейбір Еуропа елдерінде болса, Nutella шыққаннан кейін Ferrero офистері Нью-Йорк және Латин Америка елдерінде өз жұмыстарын бастады. Қазір жаңғақ шоколад пастасы бүкіл әлемге танымал. Бір жыл ішінде адамзат 370 000 тонн Nutella қолданады. Ал Ferrero орман жаңғақтарының ең басты сатушысы болып саналады. Ол бүкіл сауданың 25% үлесіне ие.
Менің табыс кілтім...
1990 жылдары Микеле өз жұмысын тоқтай, іс басқаруды өзінің екі балаларына Пьетро және Джованниге қалдырды. Микеле өмірдің соңғы жылдарын Монте-Карло қаласында өткізіп, Альба қаласында жерленді. Оның басшылығымен компания тәтті тағамдардың ірі өндірушісіне айналды. Микеле: Менің табыс кілтім - басқалар сияқты ойламауда,- деп айтатын.