Күні кеше Қазақстан эстрадасын жарып шыққан Ninety One тобының дебют алғанына аз уақыт болса да, көрермендер арасынан өз жанкүйерлерін жинап үлгерді. Ия, сөздің шыны керек бұрын соңды болмаған, қазақ менталитетіне жат дүние. Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері бұл топты айтарлықтай сынға алғанымен, бұл біз үшін даму жолындағы бір серпіліс екенін мойындау қажет. Тіпті, шаш бояп, сырға таққан дұрыс емес десек те, бұл қазіргі заманда ер жігіттер арасында етек жайып жатқан құбылыс. Бірақта, әрбір әртіс өзге жұлдыздардан ерекшеленіп, өзінің ән айту мен киіну стилін әр қилы көрсетіп, дамыта білу керек. Себебі, жаһандану заманында көпшіліктің соңынан ермей, өз рөліңде ойнай білуде өнер.
“Сұрышы саған деген сезімдерімнің өлшемін, ешкім жауап бермейді, себебі шексіздік есептелмейді...” – деген сынды өлең шумақтары сұлу бөйжеткендердің жүрегін бір дір еткізбей қоймайды.
Расымен, Eaglez деп аталған жанкүйерлердің 90%-ы қыздар. Шет елдерге қызығып, солардың әнін тыңдайтын жастар үшін, жасалып жатқан тың дүние. Қазақстанда тұрып жатқандықтан, әрбір азамат немесе азаматша осы елдің тілінде еркін сөйлей білу керек және неге қазақша әндер тыңдамасқа? Күннен – күнге той бизнеспен айналысу мақсатында жазылып жатқан той әндерін, шыны керек, жастар жарытып тыңдамайды да! Әрбір жаңа бастаманың өз жаман және жақсы жақтары қатар жүреді емеспе?! Сол себепті, Ninety One тобымен жақсырақ таныс болу үшін, осы блогты аяғына дейін оқыңыздар.
Ninety One топ мүшелері арасында:
Ең сәнді кейінгенді жаны сүйетін, ең тұйық мембер – Азамат Зенкаев (A.Z). Осы топтың ішінара таңдалған басшысы. Кішкентай кезінен өте бұзық бала болып өскен. Өлең жазуға, рэп оқуға деген таланты бала кезінен басталды.
Ең сезімталы, айтылған оқыс сөздерді жүрегіне жақын қабылдайтын, топтың періштедей кел-беті – Азамат Ашмақын(ACE). Корей елінде оқып келген Азаматтың өзге тілдерді меңгеруге құштарлығы жоғары.
Ең пысық, кез – келген адаммен жылдам тіл табыса алатын – Батырхан Маликов(ALEM). Кітап оқуға құмар және қиялға көп берілетін Батырханның өзіне де пысық қыздар ұнайды.
Ең жәйбасар, бірақ жанкүйерлерінен қашқанда ең жылдам жүгіретін – Данияр Құлұмша(BALA). Астанаға көшкен сәттен футбол ойнауға әуестеген және ән айту қабілеттілігі 6 -сыныпта оқып жүргенде байқалған.
Ең еріншек, көп ұйықтағанды жөн санайтын, бірақ өте еңбекқор – Дулат Мұхаметқали(ZAQ). Осы топта жалғыз Ұлттық Біріңғай Тестілеуді тапсырған және тамақ жасауға шеберлігі жоқ, дегенмен тамақтанғанды жақсы көретін мембер.