Ninety One тобы бізге керек пе?
блог
Қайырлы күн Қазақстан! Massaget.kz-те жазғалы бері, менің посттарымды 100-200 шақты адам оқығанын көріп, меніңде жазуға деген қызығушылығым артып кетті. Кәсіпқой блогер емеспін, бірақ сіздерге соңғы жаңалықтарды қызықты қылып жазуға тырысамын. Мен негізі демалыс күндері жазбаймын. Себебі, ол күндері демаламын :))) Кличкоооо :)) Ойын-ойынмен, жұмыс уақытында жазғанды жақсы көремін. Бос уақытымды тиімді пайдаланайын деп, massaget.kz сайтында өз блогымды аштым. Егер сіздерге қызықты болып жатса, ұялмай достарыңызбен бөлісуіңізді сұраймын.
Осы демалыс күндері қалада қызыммен жүріп, "Айтуға оңай" деген бағдарламаны көрдім. Негізі мұндай бағдарламаларды аса ұнатпаймын. Себебі, адамдардың бір-бірімен дауласып тұрғаны ешқашан жақсылыққа әкелмейді. Ол адамдар ортақ шешімге келсе де, айтылған ойлары өздерімен бірге қалады. Сол бағдарламаның кезекті тақырыбы жаңадан ашылған Қазақстандық К-POP бағытында ашылған Ninety One тобы жайлы болды. Бағдарламаның мақсаты екі жақты бір-бірімен ұрыстырып қою сияқты болды. Бірақ, мұндай даулар халыққа ұнайды. Қазіргі уақытта осы бағдарламадан кейін Ninety One тобының танымалдылығы одан сайын артуда. Осыдан кейін, 91-лердің жанкүйерлері күннен-күнге көбеюде. Бұл бағыт туралы айтпас бұрын осы топтың бейнетаспасымен таныс болыңыздар.
Жалпы, K-POP Азия елдерінің арасында танымал болған бағыттардың бірі. Алғаш Оңтүстік Корея мемлекетінде пайда болған. Кейін бағыттың тамыры кең жайылып, бүкіл Азия елдеріне тарады. Осы бағыттың дамығаны соншалық, әр елдің өзінде осындай бағытта жұмыс жасайтын топтар пайда бола бастады. Бұл музыкалық бағытта кішкене хип-хоп, электропоп, блюз элементтері кездеседі. Басында бұл бағыт музыкалық жанр ретінде тараған болатын. Кейін халық арасында үлкен сұранысқа ие болып, миллиондаған жанкүйерлерімен субмәдениетке айналды. К-POP бағыттың бір ерекшелігі ол көзге түсетіні киімдерінің стилі. Мұнда тек музыка және билерінің танылуы емес, Корея халқының модасының халыққа кең тарауы. K-POP субмәденеиеті жайлы айта берсем түбіне жету қиын. Себебі, бұл жайлы көп пікірлер, ойлар қалыптасқан. Әрбіріне тоқтала берсем, бұл блогтың аяғына жетпейтін сияқтымын.
91-де маған ұнағаны - ол топтың атауы. Кейін топты басқа елде көріп жатсақ (Алла Жазса), бірінші адамдардың айтатын сөзі 91. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы. Ең бірінші топ жайлы твиттер желісінде отырып, бір қыздың осы топ жайлы жазғаны көзіме түсті. Ол кезде 91 Астана қаласына концерт беруге келген екен. Сол мезетте бірден youtube-қа кіріп, бейнетаспасын көрдім. Айыптама әніне жазылған бейнетаспасын бірнеше қарап, біраз еңбектің жатқанын түсіндім. Себебі, Қазақстан шоу бизінде мұндай бейнетаспа түсірген адамдардың саны саусақпен санарлық. Кейін 91 жайлы ақпарат іздей бастадым. Маған ең қызықтырғаны бұл топты ашқан кім? Сол сұрақтың жауабын іздеп тауып, бұл топты құрған Орда тобының әншісі Ерболат құрғанын білдім. Орда тобының әншісі Ерболатты таныстырп қажет емес секілді. Бұл жерде Ерболаттың үлкен үлкен жұмыс атқарғанын түсіндім. Себебі, топтың барлық бағытта жұмыс жасап жатқаны - бұл Ерболат ағамыздың командасының еңбегі деп түсінемін. Ninety One тобының инстаграм парақшасын бір қарап шықсаңыз бұл сөзіме толықтай келісетіңізге еш күмәнім жоқ. Бұл топтың әлеуметтік желілерде жұмыс жасауы және өздерінің жеке youtube каналының дамуы мен үшін қуантарлық жағдай. Ерболат ағамыздың осындай топты тек қана музыкалық жағынан емес, музыкалық маркетинг, сән, би жағынан дамытуы ерекше құрметке ие деп ойлаймын.
Ал, бағдарламаға келетін болсақ, маған Ерболат ағаның өзін ұстауы, сөйлеуі маған өте қатты ұнады. Әр айтылған сөзіне толықтай келісіемін. Кейін youtube каналын қарап отырсам, осы 91-лерге арнаған әр елден көптеген реакциялар көрдім. Әр видео астындағы пікірлерді қарап отырсам, қазақ тіліне деген қызығушылықтың артқанын байқап отырмын. Орыстанып кеткен біздің қазақтардың осы топтың арқасында қазақ тілін үйреніп жүргенін біраз жас балалардан естідім. Егер патриоттанып, осындай топтарға қарсы болсақ, біз сол баяғы сарынмен жүре береміз. Онсыз да біздің жастар тыңдайтын сапалы әуендер аз. Заман өзгерген сайын әр заманға сай әндер, музыкалық бизнесте өзгереді. Мен бұл топтың жанкүйері емеспін. Бірақ, мұндай топтың көбеюі біздің шоу бизнеске керек деп ойлаймын. Бәсекелестік кез келген істі сапалы етіп шығарады. Сол себепті той әндерін тыңдай бермей сапалы әндер тыңдауларыңызды сұраймын.