Ninety One - менің таңдауым

NINETY ONE - менің таңдауым. Ninty One жүрегімнен орын алған бірден бір топ. Талғамда талас жоқ демекші, тыңдауға жағымды топты неге тыңдамасқа? Фильмді не үшін күтудемін? Жауабы анық, себебі мен - иглзбын. Бұл заңды нәрсе. Дегенімен, мен бұл фильмнен не күтемін? Неге 91? Олардан аларым не? Шынымды айтсам, фильімнен не күтерімді білмеймін. Мүмкін, Ninety One туралы көптеген жаңа мәліметтер алармын. Оларды басқа қырынан көрермін. Құпиялардың ашылуы, сахынадан тыс өмірі жайлы көрсетер. Мен үшін бұл фильм - еске алу. Артта қалғанды еске түсіріп, мұның бәрі болғанын, арман-мақсаттардан ешқашан ешбір жағдайда бас тартпау керек екенін дәлелдейді. 5 жігіттің нақты алға қойған мақсаты бар, іштей мықты болып қалыптасу жолындағы еңбегін көрсетеді. Бұл фильмнің шығуы хейтерлерге жауап емес, Тоқсан Бірдің Иглзға керек екенінің дәйекті дәлелі ретінде қабылдағанын қалар едім. Ninety One-ның тағдыры үшін әрбір Иглз алаңдайды. #Eaglez ешқашан #91ден бас тартпайды. Осы постпен #иглз бен #91 арасында шекаралар жоқ екенін жеткізгім келеді. #найнтиуанприглашаютвкино #ninetyoneприглашаютвкино



Бөлісу: