Құрметті Massaget оқырмандары ғаламтор беттеріне осындай ой пікірімді алғаш рет жазып отырмын, қателіктер болса айып етпеніздер. Ал енді, тақырыбыма көшейін, толғауымды Ninety One тобының шығармашылығымен қалай таныстым содан бастайын...
Танымал әлеуметтік желі. Өзім қызығатын желідегі топтар. Топтағы мақалаларды парақтап отырып, көзім 91 тобының "Айыптама" бейнебаянына түсті, басында қызық екен бұл не?... K-pop музыка бағытына қызығатын жастардың пародиясы деп ойладым.
Мен K-pop тыңдарманымын. Сондықтан басында топ мүшелерінің киім - киісі, шаш үлгілері бір түрлі, ерсі көрінгенімен жалпы маған жаман әсер қалдырған жоқ. Керісінше қызығушылығымды оятты, сондықтан ғаламтордан топ жайында мәлеметтер іздей бастадым, ең қызығы ғаламторда мәлемет жетерлік екен. Танымал әлеуметтік желіде ресми парақшалары бар екен, ресми сайттары, тыңдаушыларына арналған парақшалар сайттар басқада ресурстар бар екен, мәлеметтерді оқып қызығушылығымды бастым, өзім қалай топ тыңдаушылары "қырандар" қатарына қалай қосылып кеткенімді байқамай қалыппын... Міне осылай...)))
Жалпы топқа байланысты пікірлерді оқи отырып кейде ойлаймын Қазақстанда, казнетте бір жыл ішінде осыншама көп пікір тудырып дауға іліккен осы 91 тобы ғана шығар)))
Ойымды қорта келе, мен жалпы 91 тобының шығармшылығын ұнатпайтын адамдар, қазақ жастарын дұрыс бағаламайтын сияқты. Менің ойымша ешкім мәссаған мына балалардың киім киісі қандай, бұл жақсы екен менде сәнді болам деп, әсіресе құлақ тесіп, шаш боямайды. Егер қазақ жастары сондай әсершіл болса, жастар арасында осындай өзгерістер, қазақ телевизиясына корей телехикаялары, музыкасы келген жылдары басталар еді. Бұл осындай өзгерістер мүлдем болмады дегенім емес. Шаш бояп кәріс актеріне еліктеген таныстарым болды, бірақ бұл уақыттша жағдай, менің ойымша еліктеу бұл әр адамда болатын, басынан өтуге тиісті жағдай.
P.S. бұл пікірімді соңғы топқа байланысты шыққан бейнероликтерден кейін жазайын деп шештім. Айпақшы, топ өте жақсы билейді!!! Ғаламторда танымал болып көрші елге барып келген кейбір азаматтардан жақсы деп ойлаймын.