«NEWАРТ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Оқушылар сарайында   Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «NewАрт» балалар шығармашылығының фестивалінің қорытынды жабылу рәсімі болып өтті.

Жоба мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті шығармашылық кеңістік құру, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, таланттарды дамытуға, инклюзивтік қоғамда балаларды түсіністік, төзімділік рухында тәуелсіз өмірге дайындауға ықпал ету болып табылады.

Жоба келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1.       Суреттер мен қолөнер көрмелері: Қазақстанның 3 өңірін қамти отырып, ерекше білім беруді қажет ететін 7-18 жастағы 40-қа жуық балдардың 2 күндік көрмесі.

2.       «Өзіңді жырлаймыз, Туған Ел» музыкалық-поэтикалық марафон:  Қазақстанның 3 өңірін қамти отырып, ерекше білім беруді қажет ететін 7-18 жастағы 40-қа жуық балдарға 2 күндік іс-шарасы.

3.       Балаларды сәндік-қолданбалы және қолөнерге оқыту бойынша шеберлік сағаттары: Қазақстанның 3 өңірін қамти отырып, ерекше білім беруді қажет ететін 7-18 жастағы 40-қа жуық балдарға ұзақтығы 2 сағаттан 6 шеберлік сағаттары өтті.

 

Февтиваль аясында 1 қараша күні  Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы, Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі - Бәйтерек (монумент) 40-қа жуық ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған суреттер мен қолөнер көрмелері бастау алып,   ал 2-3 қараша күні  Оқушылар сарайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Өзіңді жырлаймыз, туған ел» музыкалық-поэтикалық марафоны,  1-3 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласы «Art Tumar» сәндік-қолданбалы өнер орталығы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған балаларды сәндік-қолданбалы және қолөнерге оқыту бойынша шеберлік сағаттарымен жалғасын тапты. Жалпы фестивальға Республикамыздың Ақмола облысы, Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласынан 70-тен астам ерекше білім беруді қажет ететін балалар келіп қатысты. Фестивалінің қорытынды жабылуына рәсімінен кейін балдарға «Red Bus» туристік автобустарда Елордамыз бойынша экскурсия және Байтерек монументінде естелік суреттерге түсу жоспарланған.  

Фестивалға ҚР МСМ Мәдениет комитетінің музейлер кітапханалар басқармасының бас сарапшысы – Борамбаев Нұрбек,  Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қолөнер, қолданбалы өнер шебері - Канибекова Алия Абубакировна, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, эстрада жұлдыздары, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші-дизайнер - Татибаева Гулмарал Амангельдиевна, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, дизайнер – Лигай Наталья Владимировна, Сәндік-қолданбалы өнер маманы, өнертанушы - Баженова Наталия Александровна, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі - Әсемүл Бейбіт Серікұлы жәнеде суретші-динайнерлер мен өнертанушы, қолөнершілер қатысып өз өнерлерін ортаға салып, шеберліктерін көрсетті.



Бөлісу: