Massaget.kz сайтының жаңа қолданушылары мен байырғы тұрғындары назарына!

Massaget.kz сайтының жаңа қолданушылары мен байырғы тұрғындары назарына!
жеке
блог

Армысыздар, құрметті «massaget.kz» сайтының тұрғындары мен қонақтары!
Құрметті сайт қонақтары, сіздер осы сайтқа күнделікті қасақана кіресіздер, анда-санда байқамай кіресіздер. Бірақ, бір кірген соң, біраз уақыт шыға алмай бөгелетіндеріңіз бар. Сонда сіздердің көздеріңіз жұлдызды блогтардан бөлек, танымал блогтарға түсуі мүмкін. Қарайсыз, әйтеуір қызып жатқан бір дода. «Жұмбақ блогер», «Томирис пен Нарқызыл», тағысын тағы сіз білмейтін небір эстафетелар боп жатады. Бір қарайсыз да, орысша айтқанда «не в своей тарелке» боп қаласыз. Түк түсінбейсіз. Дереу сайтты жауып шығып кетесіз. 
Есімде, баяғыда мен де осы сайтқа қонақ ретінде алғаш кіретін кездерім. Ол кезде тіркелу, блог жазу деген ой мүлдем жоқ. Жай ғана блогтарды, сондағы қызықты мақалаларды оқитын едім. Сол кездерде эстафеталар боп жатушы еді. «Туған жер», «туған жер тарихы», «бір күн – бір өтірік», «кітап табыстау», «танысу анкетасы», «жылдық есеп», «мен қолданатын қосымшалар», «жұмбақ блогер», (шыны керек, «жұмбақ блогерлерді» ашпайтынмын», өйткені кім-кімді жасырып жатқанын түсінсем бұйырмайтынмын) «сайтқа ант беру», сайтқа тілек тілеу», «алғашқы махаббатым», «бірінші курстағы махаббатым», «4 курстағы махаббатым» секілді небір эстафеталар болды. Әйтеуір, ол кезде блогерлер аз болды ма, әлде сайт қолданушылары көп болды ма, соңғы жазылған блогтар қызып, қызу талқыланып жататын. Есімде, ол кездері «массагеттегі» белсенді блогерлер – Есіл еркесі, Қыпшақ қызы, Алаш қызы, Сырдың қызы, Алтайдың ар жағынан келген кемпір, Каспий Меруерті, Адай шоғы, Қазақ қызы, Абзал Сариев, Елғонды Ахмет, Айкона Н, Ауылбайский жігіт, Жанат Жұмағали, Бигелді Темір, Мирас Кесебаев, Амантай қажы, т.б. сонымен қатар қазір сайттан мүлдем жоғалып кеткен блогерлер болды. Ол кезде Масагеттке мүлдем басқаша аура болатын. Қазіргідей емес.. 

Қазір енді Массагетте басқа аура. Қазір сіз осы сайтты былтыр күзде қосылған Айша Балтахаева, Мақпал Сембай, Айбек Шағатаев, Ғалия Жакендерсіз және Мақпал Төребек, Ақбота Мұсабекқызы, Гүлжан Серіктерсіз елестете алмайсыз. Сонымен бірге осы блогерлерімізге дем беретін – Жанар Кәрім, Нұршат Әлімқызы, Шерхан Абзалұлы, Нұрбол Қали (Арқалық қаласы), Әсел Асановалар бірге, феномендер – Арман Құдайберген, Досжан Нұрболат секілді ақынжанды бауырларымыз бар. Естеріңізде болар, үш тақырыпты бір тақырыпқа сиғызып блог жазып, нәтижесінде блогы жұтылып кетіп ашуланған, Әлияға ғашық, театрға пьеса жазғысы келген жігіт бар еді ғой. Медет Жансанов. Ол да өз массагет.кз-ге жаңалығымен келді. Сол секілді өз дәурендерінде өмір сүрген біршама блогерлер де болды. 
Массагет ешқашан тоқтап қалмайды. Бүгін бір блогер кетіп, ертең жаңа бір белсенді келеді. Өмір осылай жалғаса береді. Бір мақтаныш, бәріміз ешқайда кетпейміз. Бәрібір де жүрегіміздің түкпірінде қалады. Мен де өз басым Массагеттің мектебінен шыққаныма қуанамын. Мен мектеп қабырғасында жүргенде, университетте де 1 курс оқып жүргенімде, қара сөзбен шығарма жазатынмын. Массагетке келгелі ойды ықшамдап, халық оқитындай етіп жазуға дағдыландым. 
Қазір де Массагетті оқып тұрамын. Мейіргүл, Анар, Әйгерім бастаған әпкелер мен Мейіржан, Ардақ, Болат ағалар бастаған бұл сайт өз жұмысын тоқтатпайды. Ал, Айша, Мақпал, Ғалия, Айбек сынды жанашыр, өз істерінің нағыз шебер блогерлері барда ешқашан сайт өз бағытынан айнымайды.

Құрметті сайт қолданушылары, әзірге босағада тұрған қонақтар. Сіз де осында өз қолтаңбаңызды қалыптастыруға, ізіңізді қалдыруға асығыңыз!