Massaget.kz блогшыларды байқауға шақырады!

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Massaget.kz сайты блогшыларға арналған байқау жариялайды. Сіздерді жаңа жобаға қатысуға шақырамыз! Қолға алынған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді.

Байқаудың жалпы ережесі:

Өту кезеңі: 29 қыркүйек пен 16 желтоқсан аралығы.

1. 29 қыркүйектен бастап Massaget.kz сайтының Блог айдарында әр аптаның үздік блогы анықталады. Өту кезеңіндегі аптаның үздік блогшылары өзара сайысқа түсіп, байқау жеңімпазын анықтайды.

2. Байқауға жасына, жынысына, мамандығына, ұлтына қарамай кез келген адам қатыса алады.

3. Байқауға жазылатын блогтардың форматы мен тақырыбына шектеу қойылмайды.

(Сайттың ережесіне сәйкес діни және саяси араздықты қоздыратын жазбалар өшіріліп отырады және қабылданбайды).

4. Байқауға 29 қыркүйек пен 30 қараша аралағында кез келген уақыттан бастап, қатысушылардың қатарына қосылып кетуге болады.

5. Байқау жеңімпаздары пікір, ұнату (LIKE), көрілім саны арқылы және Massaget.kz сайты тілшілерінің дауыс беру нәтижесі арқылы анықталады.

6. Қатысушы әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жазылған блогын репост жасауы міндетті.

7. Әр аптаның үздік блогы «Жұлдызды блог» айдарына қойылып отырады.

Жеңімпаздарды анықтау:

1. Блогшының көркем тіліне, тақырыбының мән-маңызына, өзектілігіне, шығармашылық фантазиясына, көркемдік безендірілуіне (авторлық сурет), мультимедиялық контент (авторлық видео, аудио) басымдылық беріледі.

2. Ғаламтор беттерінде жарияланған жазбаларды көшіріп басуға болмайды. Сондай-ақ, автордың бұрын жарияланған жазбалары қабылданбайды.

3. Massaget.kz сайты тілшілері жеңімпаз блогқа не үшін, қандай себеппен дауыс бергендігі туралы ақпарат беріеді.

Қазан айының әр аптасынан 4 жеңімпаз анықталады.

1-апта. (29 қыркүйек – 5 қазан)

2-апта. (6 қазан – 12 қазан)

3-апта. (13 қазан – 19 қазан)

4-апта. (20 қазан – 26 қазан)

Қараша айының әр аптасынан 5 жеңімпаз анықталады.

1-апта. (27 қазан – 2 қараша)

2-апта. (3 қараша – 9 қараша)

3-апта. (10 қараша – 16 қараша)

4-апта. (17 қараша – 23 қараша)

5-апта. (24 қараша – 30 қараша)

Әр аптадан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 9 блог иесі өзара сынға түсіп, байқау жеңімпазын анықтайды. Жеңімпазды анықтау мерзімі екі аптаға созылады.

1 желтоқсан мен 7 желтоқсан аралығында тоғыз аптаның үздік блогшысы арнайы берілген тақырыпта блог жазуы тиіс. 8 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралағында тоғыз аптаның үздік блогшысы еркін тақырыпта блогтарын жариялайды.

Байқау жеңімпазы ел тәуелсіздігінің 23 жылдығы мен Massaget.kz сайтының 3 жылдық мерекесі қарсаңында белгілі болады.

Алғашқы 3 орынға бағалы сыйлықтар, қалған 6 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Қосымша ақпараттар үшін 8775 236 93 05 (Шерхан Талап) нөміріне хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдай аласыз.

Massaget.kz ұжымы

Сурет: novayagazeta-ug.ru



Бөлісу: