Massaget-те редактор болған күшті шығар, ә?

Massaget-те редактор болған күшті шығар, ә?
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, Массагеттік достар және арнайы Massaget.kz сайтының редакторлары, аға-әпкелерім. Бүгін сіздермен сырласқым келді. Менің оқырман ретінде осы сайтты пайдаланып жүргеніме 1 жылдай болса да, тіркелгеніме 1 ай ғана болды міне, осы күні. Алғашында блог ашу дегенді білмейтінмін. Тек әдебиет, көкжиек секілді қызықты айдарларындағы дүниені оқып жүретінмін. Арасында керекті мәліметтерді де осыдан табатынмын. Оқуға келген соң, Данагүл Берекет (Данай Әмір) екеуміз сөйлесіп отырғанда, блог ашуға болатынын әрі өз әлеміңнің қожасы да, биі де бола алатыныңды атап кетті. Сол-ақ екен, қолыма (әдетте қалам алушы еді) компьютерімді алып, тіркелу деп басқам. Атап кететін жәйт: мен оған дейін тіркелгем, бірақ парольін ұмытып қалдым, әрі ол жеке блог екенін білмеген ем. Содан қызығы сол, алғашқы жазбамды да дүниеге әкелдім. Оқыған адам саны көбейген сайын, пікір қалдырған сайын жүрегің атша тулап, сала береді екен)) Сондай қуанышпен жатақханада бірге жататын қыздарға сағат сайын тексеріп, қараған адам санын мәз болып сүйіншілетемін де отырамын. Құмарлық оянып, 3-4 жазба жазғаннан кейін, уақыттың тапшылығы ма, әлде елең еткізер жазба ойыма оралмаған соң ба, бірнеше күн хат-хабарсыз қала бердім.Кейде бір сілкіп оянатыным болмаса, аса жазба жазып мазаларыңызды алғым келмейді. Қанша жерден күнделігім секілді, не жазғым келсе, соны жазамын деу - дұрыс нірсе емес шығар... Қазаншының өз еркі, қай жақтан құлақ шығарда демеуші ме еді осындайда? Қазір ақтарып отырамын блогтарды, пікірлеріңізді оқимын, сол кезде қатты ыңғайсызданамын. мейлі менің жазбама болсын, мейлі өзге қатарластарымдыкі болсын. Асылы, блог деген дүниені дұрыс ұқпаймыз-ау... Модератор, редактор болған қандай күшті деп ойлап қоямын. Қызығып кететінім де бар. Әйтсе де, шаршайсыздар-ау. Қанша адамның жазбасын тексеремін деп. Мен сіздерді түсінемін. Сол себепті де, БЛОГ дегенді ұғып алайықшы, достар! Әйтпесе, минут сайын бір жазба, бәр жаңа қолданушы. Бұл сайттың рейтингі үшін керемет, иә. Бірақ, өзіміздің рейтиніміз үшін қалай деп ойлайсыздар? Ойланатын дүние...