Корей сериалдарының жақсы көретін маған нағыз кореялық корейстерді көру кәдімгідей арман еді... KPM Entertaiment ұйымдастырған Rin'Go мен MYNAME нің біріккен концертіне бару бір бақыт еді...
Монтидің фбдағы бетшесін көре сала, қайтсем де барам деп шештім. Бардым. Көрдім. Ғашық болып қайтып келдім.
Ең бірінші әсерім, нәзіктік. Жігіттер көрген кезде ең бірінші нәзіктік елестеді. Романтика, кәдімгі сериалдары мен әндеріндегі романтика есіп тұрды.
Өзім үш таксилетіп жеткеніме қарамастан, келе сала суретке түсіруге кіріп кетіппін, курткамды да шешпей :) прикол болды.
Пресс-конференциядан суреттер тамашалай отырыңыздар:
Массагет үшін сүйікті сериалдарымыз бен әндеріміз қазақшаға аударып салып жүрген жастардың жетекшісі Анара мен белді қолданушымыз Назерке. Бақытты сияқты екеуі :) Негізі мен де, Айко да бақытты едік :)
Ал енді концертке келсек:
Ал кешті Әділжан атты керемет жігіт жүргізді, еркін әрі жастарға сай стильмен жүргізе алды. Бір байқағаным, волонтер болып жүрген қыз-жігіттердің бәрі дерлік қазақ және кәрісше, ағылшынша еркін сөйлей алады. Кореядан келген қонақтарға еркін жол сілтеп, қазақтардың осал емес екенін байқатып жүрді.
Сонымен, кештің ең күтулі қонақтар өз өнерлерін көрсетті: