MYNAME кетті Алматыны дүркіретіп...
блог
Корей сериалдарының жақсы көретін маған нағыз кореялық корейстерді көру кәдімгідей арман еді... KPM Entertaiment ұйымдастырған Rin'Go мен MYNAME нің біріккен концертіне бару бір бақыт еді...
Монтидің фбдағы бетшесін көре сала, қайтсем де барам деп шештім. Бардым. Көрдім. Ғашық болып қайтып келдім.
Ең бірінші әсерім, нәзіктік. Жігіттер көрген кезде ең бірінші нәзіктік елестеді. Романтика, кәдімгі сериалдары мен әндеріндегі романтика есіп тұрды.
Өзім үш таксилетіп жеткеніме қарамастан, келе сала суретке түсіруге кіріп кетіппін, курткамды да шешпей :) прикол болды.
Пресс-конференциядан суреттер тамашалай отырыңыздар:
Массагет үшін сүйікті сериалдарымыз бен әндеріміз қазақшаға аударып салып жүрген жастардың жетекшісі Анара мен белді қолданушымыз Назерке. Бақытты сияқты екеуі :) Негізі мен де, Айко да бақытты едік :)
Ал енді концертке келсек:
Қазақстандық жас топ JUNIORS тобыда ерекше өнер көрсетті және өздерінің жаңа стилінің ерекшелігін көрсете білді
Rin'Go тобыда кез-келген шет елдік топтан қалмайтындарын көрсетіп өнер көрсетті. Ұнады, бұрынғыға қарағанда деңгейлері өсіп қалыпты, ұнады, мақтандым.
Ал кешті Әділжан атты керемет жігіт жүргізді, еркін әрі жастарға сай стильмен жүргізе алды. Бір байқағаным, волонтер болып жүрген қыз-жігіттердің бәрі дерлік қазақ және кәрісше, ағылшынша еркін сөйлей алады. Кореядан келген қонақтарға еркін жол сілтеп, қазақтардың осал емес екенін байқатып жүрді.
Сонымен, кештің ең күтулі қонақтар өз өнерлерін көрсетті:
Видеосын көре отырыңыздар:Шоу жасауы, өздерін ұстауы, ән айтулары, билері, қозғалыстары бізді таңқалдырды. Все таки олар шоу жасай біледі. Ерекшелеріктері сол адамдарды сахнаға шыққан бетте адамды жаулап алады. Әйтеуір бәрі тартып тұрады. Не болса да көрген бізде арман жоқ. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың ерекшелігі бірден көрініп тұрады. Керемет, сөзім жоқ!