MODEKO-2018: жиһазшыларға жаңа мүмкіндік

Түркия мемлекетінің экономикасы туризм, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және жиһаз өндірісінен түсетін кіріске тәуелді. Сол себепті Түркияда жиһаз саласы кеңінен дамытылған. Мәселен, Түркиядағы Жиһаз өндірушілер мен кәсіпкерлер ассоциациясының (MOSFED) басшысы Ахмет Гүлеч әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан, түрік жиһазына деген сұраныс арта түскенін айтады: «Соңғы 15 жылда экспортқа шығарылатын түрік жиһазы 8 есеге өсті. Әсіресе, Германия, Сауд Арабиясы, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, БіріккенАраб Әмірліктері, Ливия, Түркіменстан мен Әзірбайжанда түрік тауарына деген қызығушылық басым.

Түркия кәсіпкерлері тауарларын жарнамалау мақсатында түрлі шараларды жиі өткізеді. Айталық, MODEKO көрмесі Биыл MODEKO-2017 көрмесіне әлемнің 34 елінен 1200-ден астам қатысушы келген. Сатып алушылар негізінен Германия, Франция, Англия, Бельгия, Финляндия, Катар, Сауд Аравиясы, Египет, Йордания, Ливия, Қазақстан, Грузия, Ресей, т.б. елдерден.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2018 жылғы көрме 6-11 наурыз аралығында болады. Көрменің шығынын мойнына алған түрік кәсіпкерлері шетелдік қатысушылардың 3 түнге қонақүй шығыны, Стамбұл әуежайынан Измирге дейін көлік, көрме алаңына жеткізетін транспортпен қамтамасыз етеді. Қатысушылар Стамбұлға дейінгі ұшақ билетін өздері алады. Қалған қонақүй, трансфер, көрме алаңына кіру, жаңа каталогтар алу Түркиядағы ұйымдастырушылардың жауапкершілігінде. Аталған шараға қазақ кәсіпкерлер де барады. Басты мақсат – халықаралық деңгейде тауар өндіретін түрік кәсіпкерлермен іскерлік қарым-қатынас орнату, отандық экономиканы дамытуға үлес қосу.

Қазақстаннан баратын топты ұйымдастырушы – «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ. Жиһаз өнімдерін сататын және Измирдегі MODEKO-2018 халықаралық жиһаз көрмесіне баруға мүдделі азаматтарға 8778 878 34 08 нөміріне хабарласып, толық ақпарат алуға болады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ баспасөз қызметі



Бөлісу: