Бір дүкенге кірдім. Ішінде ыдыстар, блокноттар, қалам, сүлгі (немесе орамал, әлде полотенца), төсек қаптары, футболка, т.б. бұйымдар сатылады. Барлығында «MASSAGET» жазуы бар.
Кассада тұрған жасы елулерді алқымдаған әйел адам. Дүкен жаңадан ашылып жатыр ма, қоныс аударып жатыр ма белгісіз. Әйтеуір, кішкене бөлігі аздап шашылып жатыр. Бірнеше ұл қораптар тасып, бұйымдарды орналастырып жүр. Адамдар да көп, сабылысып, былай да былай жүріп жатыр. Дүкен іші екі-үш бөлікке бөлінген. Көп бөлігін кітаптар алып тұр. Неше түрлі кітап бар екен. Қызықтап көп жүрдім. Бір кезде ішінен Сәния Аринова апайды жолықтырдым. Ол кісі өзгеріп кеткен, түрі басқаша. Біраз сөйлестік, не айтқанымыз есімде қалмапты. Оянып кетсем, түсім екен.