MASSAGET SPACE. Массагет біріктірген достар

MASSAGET SPACE. Массагет біріктірген достар
жеке
блог

Сәлееем менің сүйікті Массагетім!

Жалпы мен үшін блогты дәл осылай бастау әдет болып қалғандай. 

Шамасы дәл осыдан 5ай бұрын блогты Массагеттік досым Ақмарал Каналмен кездесуім жайлы жазған едім. Ақмарал байқаудың екінші маусымының қатысушысы. Сүйікті Массагетіміз арқылы басталған достық, алғашында бір-бірімізді танымағанымыз, алғаш жүздескендегі эмоциялар, қимай-қимай қоштасқанымыз бәрі-бәрі кеше ғана болғандай есімде, әрі өмірімдегі ең бір ыстық естеліктердің бірі болып қалмақ.

 

Ал енді бүгінгі блогымды да сол бір Массагет арқылы басталған достық, интернет арқылы шынайы дос, тіпті жақыныңдай адамдар табуға болатыны жайлы айтқым келеді:)

Қазіргі заман интернет пен әлеуметтік желінікі, немесе біз сол заманның балаларымыз. Кейбірі бұны құптамай,зиянды тұрғысынан қараса, ал кейбірі мүлде бас ала алмай, тіпті сонда кіріп, сонда өмір сүреді десе де болады. Жә, бұның өзі бір бөлек әңгіме. Менің ойымша заман талабы болған соң, әр дүниені пайдалы тұсынан қарап көру қажет.

Әрине, қазіргі таңда барлығымыздың әлеуметтік желілерімізде достар бар, олар біздің күнделікті араласатын достарымыз болуы мүмкін немесе мүлде танымайтын жат адамдар. Осы тұста "интернет дос(друзья)" деген ұғым шығады. Кейде өмірде бірде-бір рет жүздеспеген, тек телефон арқылы даусын естіп, суреттерін ғана көрген, видео байланысқа шығатын, бірақ жақыныңдай болып кеткен достар бар дегенге сенбей "Ондай дүние мүлде болмайды. Қалай ғана көрмей жатып дос боласың?" дейтіндерге айтқым келетіні МЕНДЕ ДӘЛ СОНДАЙ МАССАГЕТІМ ЖАҚЫНДАСТЫРҒАН ДОСТАРЫМ БАР:) Осындан екі жыл бұрын менде сондай көзқараста болатынмын. Өмір қызық ә? Мен сыныптастарыма, дос-құрбыларыма интернет достарым жайлы айтсам аса сене қоймайды, себебі бұл менің жеке бір кеңістігімдей , бұл - "MASSAGET SPACE".

Біздің достығымыз 2015жылы "Массагетпен мақсатыңа бірге жет" байқауының бірінші маусымы аясында басталғанды. Алғашында қарсылас болып, аяғында жақсы достар, тіпті әртүрлі командада болғанымызды да ұмытып кеткен едік. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қолдан келген көмектерімізді аямай, таңға дейін блогты бірге жазған кездеріміздің өзі бір қызық. Кейіннен Вконтакте, WhatsApp, Instagram әлеуметтік желілерінде бір-бірімізбен байланысып, ортақ топ(группа) ашып, видеохабарлама алысуды бастадық. Байқау біткен соң да байланысымыз үзілмеді. Таңға дейінгі әңгіме-дүкен таусылмайтын(біз қозғамаған тақырып қалмаған шығар). Ұйқысы келгендер "менсіз көп сөйлеспендер" деп отыратын. Сондағы әзіл-қалжындарға өз-өзіңнен күлкін кеп жүргенің көрген адам не ойлайды екен?:D Арасында батыстық досымызбен арамыз 1сағат айырмашылықты да ұмытып кетіп, тіпті Жаңа жылды бізден 1сағаттан соң қарсы алатының білгеніміз қызықты еді. Әлі есімде байқау біткен соң оқу жылы басталар уақытта, ертен мектептегі алғашқы қоңырауға бір-бірімізді хабарласып оятамыз деп келісіп, мен өзім ерте тұрып алып шетінен бәріне хабарласқанмын. Солай небір қызықты күндерді бірге,тек көк экранның арғы жағында бірге өткізгенбіз. Тіпті бір-біріміздін  емес туыс-туғандарымызды, достарымызды көшеден көрсек танитындай болдық. Әрқайсысының мінезіне де үйреніп, көптен көрінбей кетсе іздеп, өз жаңалықтарымыз, идеяларымызбен, жетістіктерімізбен бөлісетінбіз. Шүкір! Қазірде барлығы сол қалпында, барлығы мен білетін ашық жарқын достарым. Біздің бұл достығымыздың бастауы жайлы кітап жазса да болады:D 

Біз әрқашан бір-бірімізбен кездесуді армандайтынбыз, армандап ғана отыра бермей оны шындыққа да айналдыру қолымыздан келді.

 

суретте Жансая Олжабек мен Зелимхан Жолдасов:)

суретте Гүлдәрі Құрманбек мен Зелимхан Жолдасов:)

суретте Сағыныш Тасболат пен Ақерке Ерболған:)

суретте Зелимхан Жолдасов пен Ақерке Ерболған:)

суретте Сағыныш Тасболат, Назым Сапарова және Аят Асқарбекұлы

суретте Сағыныш Тасболат пен Жадыра Ерболғанова

суретте Зелимхан Жолдасов пен Жадыра Ерболғанова

суреттер Жадыра Ерболғанова мен Гүлдәрі Құрманбек

суретте Ақерке Ерболған, Зелимхан Жолдасов және Жадыра Ерболғанова

Міне, бұл суреттерде әзірше біз кездесіп үлгерген достарымыз. Массагет қосып, әлеуметтік желіде ары қарай жақсы араласып кеткен достығымыздың нәтижесі, біздің басқалар түсіне бермейтін жетістігіміз. Бұйырса болашақта да барлығымыздың басымыз әйтеуір бір жиналатыны сөзсіз. Екі жылдық достығымыз одан әрі жалғаса берсе екен деген ниеттемін:)

Маған осындай керемет, әрі еліміздің әр түпкірінен достар тауып бергеніңе Массагетіме алғысым шексіз!

P.S. Биылғы жылғы байқауда өз мәресіне жақындап қалыпты. Қатысушыларға сәттілік!