Lee Yo Ma - студент !
блог
Дүниежүзіндегі барлық массагеттіктерге жалынды сәлем! десең ә?
Мен массагетіме студент атанып оралдыыым )) "Әй мынау қайдан шықты?" деп отырғандар болса, бұрынғы блогтарымды оқып танысып алыңыздар. Массагетіме менің соңғы камбэгімнен кейін жаңа қолданушылар қосылыпты, танымай қалмасын дегенім ғооой))
Жаңа айтқанымдай колледжге түстім, кеңесші-заңгер мамандығына. Студент болдым. хех, бұрында Алматыдағы студенттердің блоктарын оқып, студент болуға қорқатын едім. Алып бара жатқан қиыншылығы жоқ екен ғой, әлде Алматы да ғана қиын бола ма екен? ))
Біраз өзгердім, аз уақытта көптеген сабақтар алдым. Бұрын жеңіл ойлы болсаам, қазір Ардақ ағайдың блогтарын оқып, ғұлама-ғалымдар, психологтардың күшті-күшті ойларын, фразаларын блокнотыма жазып алып, күнде кемінде 1 рет оқимын. Өткенде Ардақ ағайдың бір блогынан мына фраза қаттыыыы ұнады:
"Өзіңізбен салыстыруға болатын бір ғана адам бар – ол бұған дейінгі сіз. Бір ғана адамнан биік болуыңыз керек – ол сіздің осы кезіңіз".
Сөйтіп философ болып кеттім хех)) Сондықтан алдағы уақытта бұрынғыдай емес, салмақты жазбалар көріп қалсаңыз, таң қалмаңыздар)) Сонымен, қысқа блогым аяқталды, көріскенше ))
P.S. Енді жиі блогтар жазып тұрам )