Lamiya тобы жетімдер үйінде жаңа бейнебаян түсірді

Lamiya тобы жетімдер үйінде жаңа бейнебаян түсірді
жеке
блог

Lamiya тобының үшінші бейнебаяны Алматы облысының №1 жетімдер үйінде «Ана» атты әніне түсірілді. Ал халықаралық әйелдер күні Lamiya тобының қыздары бұл мекемеге өздерінің сыйлықтарымен келді.

Әйгерім, Қырмызы және Әдемі есімді жетімдер үйінің 3 қызы Lamiya тобының үшінші бейнебаянының басты кейіпкерін ойнады. Оларға алғысын білдіріп, халықаралық әйелдер күні Lamiya тобы  жаңа киім-кешектерді сыйға тарту етті.   

Жаңа бейнебаянды режиссер Рашид Юсупов түсірді. Ал «Ана» атты  әннің  сөзін Lamiya тобының продюсері Рустам Қайыров жазған.

Жаңа бейнебаянды сәуір айында тамашалауға болады.

http://1tv.kz/kk/news/culture/15032012/lamiya