KoreanMusicParty3 (фотоотчет)

Қазір қайда қарасақта корей мәдениеті мен асханасының алматыны жаулап алғанын байқаймыз. Сөзіміз құр сөз емес екенін дәлелдеу үшін сіздердің назарларыңызға 8.06 күні Алматыда өткен "Korean Music Party 3" болған жиыннан суретті репортаж ұсынғамыз келеді. Өзіміз барып, өзіміз көріп сол бір фанаттар қоғамының бір мүшесі екенімізді сезініп келдік :). Негізі, корей сериалын көрген қыздардың барлығы дерлік корей мәдениетіне ғашық болып қалатыны жасырын емес. 

Бүгінгі кештің қонақтары 13-20 жас аралғындағы жастар болса да бәрі үлкен дайындықпен келген. Әр кім өз өнерін көрсетіп, кимімен таңқалдырғысы келеді. 

Кіру әрине ақылы. 1500 тг. Бірақ бұл тегін ақша емес. Кірген билеттерде номер бар сол номер арқылы лотерея ойнатылып, LG компаниясы ұсынған бір мобильді телефон ең бақытты адамға бұйырады. 


Әрине, ой келеді осыншама жастарды ата-анасы осындай жерге қалай жіберді деп? Біз ол сұрақты осы кештің ұйымдастырушысы Дмитрийге қойдық: 

(суретте оң жақта)

Д: басында балаларымен бірге келген ата-аналар болды, олар "балаларымыз не істеп жүр" деп сұрайтын, келіп көріп рахмет айтып кеткендер көп. Себебі, балалары көп достар, өздеріне ұнайтын нәрсені талқылай алатын адамдар ортасында еркін араласа алатындарына өте қуанышты. 

А: өзің корей мәденитеніңі табынушысың ба?

Д: жоқ, маған тек кейбір әндері мен билері ұнайды. Контакты әлеуметтік желісінен корей табынушыларының көп екенін байқадым, бастарын біріктіріп осындай шара өткізуді ойлап араларына сұрау тастадым, бәрі қуана келісе кетті, сонымен биыл 3- рет өткізіп отырмыз. 

А: Сендердің орталарыңа келетін табынушылардың жас аралығы қандай?

Д: 6 жас пен 60 жас аралығы. Кішкентай қыздар ата-аналарымен келіп, үлкен кісілерде келіп сериалдарын талқылап кетеді. 

А: Биылғы кештің алдыңғы екеуінен айырмашылығы не?

Д: Алдыңғы екі кеште кім билеп, ән айтқысы келсе сол қатыса алатын. Ал биыл біз алдын ала жарыс ұйымдастырдық. Қатысушылардың өзі дауыс беру арқылы мықты деген 11 қатысушыны таңдап алды. Осы 11 қатысушының арасында жарыс өтеді. Жеңімпазға LG компаниясы мобильді телефон береді. 

айтпақшы, білуімізше жеңімпаз қалаған телефонын ала алады. 

Ары қарай арнайы дайындалып келген қатысушылардың суреттеріне кезек берейік, корей әншілерінің биін, даусын ғана емес  киімдерінде арнайы тіктіріп келгендеріне таң қалдық. 

 

Мына қыздар әр мектептің оқушысы, қызығушылықтары арқылы дос тауып, бірлесіп ән шырқап жүр. Корей стилінде де киінуге тырысатындарын жасырмады. 

Ұқсай ма? 

Мынаған қыз шаршамады, басынан бастап билеп жүрді.

Мына қыз арнайы кимін тіктіріп келіпті. 

Әр кімнің өз ортасы, өз қызығушылығы бар. Олар өздеріне ұнайтын істерімен айналысып, өздері еркін араласатын адамдармен араласып дос болып жатыр. Қызығушлықтары корей әні, биі, корей сериалы. Әр аптада жиналып ойларымен бөлісіп, ой тарқасады. 



Бөлісу: