1994 жылғы менің жобаларымда «Егер қазақ тілінде латын әріптерін басқа таңбамен толықтырмай таза күйінде қолдану керек болса, онда қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар келмейтіндігін пайдаланып, ә, ө, ү, і дыбыстардың таңбаларын ae, oe, we, ye түрінде алуға болады. Бұл жағдайда «ғ» дыбысын белгілеуге әріп жетпей қалады. Бұл қиындықтан «к» мен «қ» дыбысын «k» арқылы, ал «г» мен «ғ» дыбыстарын «g» бір әріппен белгілеу арқылы шығуға болады. Кейбіреулерге мұндай қолданыс түсініксіздеу көрінеді. Нақтысында бұл мүмкін және дұрыс та. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке болуына байланысты қазақ сөзінде дауыстылардың әсерімен бұл дауыссыздар не қатты не жұмсақ айтылады. Қазаққа бұл заңдылықты бұзып айтудың өзі оңай емес. Мысалы «құл», «күл» деген сөздерді «қүл», «кұл» түрінде айту үшін қазаққа тілді әдейілеп бұрмалап, қиналу керек. Сонымен қатар бұндай белгілеудің ұтымды жағы шет тілінен келген сөздерді қалай оқимыз деп қиналмай-ақ, балаларымыз қазақ тіліндегі ережеге сәйкес «қомсомол, қомпартия, диктатура, ғазет», деп оқып кетеді, және ол дұрыс та!
Ал сөз ұзындығын үнемдеу керек болса, і дыбысын «q» әрпімен белгілеуге болады.»-деген жазу болатын.
Бұлардан бас тартуға себепкер болған төмендегідей тұжырымдар:
1. Диграфтар туралы зерттеу жүргізіп 130 мың сөзде қате таптым. Бұл қателердің шегі емес, басы ғана! Диграф қолданылатын болса, буынға бөлуден бастап емленің барлық заңдылықтарын қайта жазуға тура келеді. Қателіктердің нобайы сонда шығады!
2. Академик Мұқтарбай Өтелбаевтің «Дыбыстарды жүйелеуді, буындарды айыруды балаға да, үлкенге де оңайлатамыз барлық жіңішке дыбысқа қалпақ кигізейік» деген ұсынысына ЕНУ профессоры Рысқұл Ойнаров «Қазақтар ғана қолданатын жуан дауыссыз дыбыс «ғ»-ны бүкіл дүние жүзі қолданатын жіңішке дауыссыз «g»-мен алмастыру «ғ»-ның жоғалып кетуіне әкелуі мүмкін», - деген қаупін айтты. Кириллицада орыс сөздері орысша жазылып, орысша айтылуы керек деген заңның арқасында бәріміз «ка», «ко», «га», «го», - деген тіркестерді орысша айтуға әбден көселіп алдық. Демек, кейін «go», «ga», «ko», «ka», - деген тіркестерді орысша айтып, бара-бара «ғ» мен «қ» дыбыстары жойылып кетуі әбден ықтымал екеніне көз жеткіздік.
Ää (ә), İi (і), Üü (ү), Öö (ө) туралы.
Математикада нүктелердің санына байланысты оларды бір не екі дәрежелі туынды деп қате түсінуі мүмкін болатындығынан нүктемен белгілеу жарамайды. Екінші жағынан бұлар ноқаттар, баспа жұмысынжа нашар түсуі, бара-бара өшіп қалуы мүмкін. Менің жобамда ноқат емес сызықша қойылған, математикадағы вектор ұғымына қарсы келмеуі үшін сызықша доға түрінде қойылды.
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы
https://massaget.kz/blogs/23084/ #Latyn
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
https://massaget.kz/blogs/23083/ #Latyn
Латиница жобасындағы пернетақтада барлық символдардың орналасу реті.
https://massaget.kz/blogs/23074/ #Latyn
Диграф қолданылатын жобалардың түзетілмейтін қателері
https://massaget.kz/blogs/23070/
Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау керек
https://massaget.kz/profile/82947
Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.
https://massaget.kz/blogs/23036/
Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым
https://massaget.kz/blogs/23035/
Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!
https://massaget.kz/blogs/23008/
Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/
https://vk.com/doc239758952_450677576
Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт
https://massaget.kz/blogs/23000/
Кейбір пікірталастардан үзінді
https://massaget.kz/blogs/22995/
Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?
https://massaget.kz/blogs/22992/
Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады
https://massaget.kz/blogs/22993/
Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
https://massaget.kz/blogs/baykau/22962/
Ертегілер
Мақта қыз бен мысық,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22963/
Бір үзім нан,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22964/
Алтын сақа,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22967/
Тазша бала
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/