Kaspi қазақ тілінде «Қаржы мәдениеті» жобасын іске қосты

Kaspi қазақ тілінде «Қаржы мәдениеті» жобасын іске қосты
жеке
блог

Kaspi Bank-тің қолдауымен «Қаржы мәдениеті» ағартушылық жобасы аясында «Жұлдыз FM» радиосы мен szh.kz (Сұрақ-жауап) сайтында арнайы жоба жүзеге аса бастады.

Жобаның басты мақсаты - отбасылық бюджет, қаржы, банк өнімдері: несие, депозит; қаражатты басқаруға қатысты кеңестер мен ең өзекті сұрақтарға жауап беру.

«Жұлдыз FM» радиосындағы «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы күн сайын екі рет: 08.00 мен 18.30-да шығады. Бағдарламада қаржы мен банк өнімдеріне қатысты ең өзекті тақырыптарды көтеруді көздеп отыр. Мысалы: бағдарламаның алғашқы санында ақшаға қатысты қателіктер туралы айтылды.

Интернет арқылы сұрақтарына жауап іздегендер szh.kz сайтындағы «Қаржы кеңесшісі» айдарына жүгіне алады. Жастар арасында қаржы, банк өнімдеріне қатысты сұрақтардың көптігін, әрі олардың кәсіби мамандар тарапынан жауапсыз қалатынын байқап, Kaspi аталған айдарды қолдағанды жөн көрді. Қазір күн сайын аталған сайтта сұрақтарға кәсіби түрде жауап беріледі.

Біздің анықтама:
«Жұлдыз FM» жастар радиосы 2014 жылдың қазан айында ашылған. Қазақ тілінде ғана ақпарат тарататын радио бүгінде жастардың ең сүйікті арналарының бірі.

«Сұрақ-жауап» сайты қазақ тіліндегі сайттардың рейтингінде бірінші орында, үздік қазақстандық сайттардың ондығына кіреді. Сайттың бүгінде 47 мың тұрақты қолданушысы бар. Мұнда әртүрлі салаларға қатысты 99 205 сұрақ пен 254 067 жауап жинақталған.