Kaspi Red енді Шымкентте іске қосылды

Бұған дейін Алматы мен Астана тұрғындарына қолжетімді болып келген Kaspi Red клубы мамыр айының басынан бастап Шымкентте іске қосылды. 

Kaspi Red деген не?

Бұл бөліп төлеу қызметі мен бонус ұсынатын клуб. Оған кіру үшін жеке куәлікпен банк бөлімшесінде немесе сауда орталықтарындағы арнайы стендтерде клуб картасын рәсімдейсіз. Клуб картасында үш түрлі лимит ұсынылады: 50 000, 100 000  немесе 150 000 теңге. Бұдан әрі клубтың Шымкенттегі 100-ден астам серіктес дүкендерінен 3 айға бөліп төлеу арқылы қалаған тауарыңызды ала-аласыз. 

Kaspi Red серіктестерінің қатарында DeFacto, Intertop, MEXX, LC Waikiki, Kimex, Mon Amie, Ecco, Аlser, Meloman-MARWIN және басқа да танымал брендтерді көруге болады. Дүкендер шымкенттіктердің сүйікті ойын-сауық орталықтары — Shymkent Plaza, Mega Planet, Street, Әл-Фараби, Баян Сұлу және басқаларында орналасқан.

Мысалы: Ecco-дан 15 000 теңгеге аяқ киім алдыңыз. Кассада клуб картасы арқылы төлем жасайсыз. 15 000 теңгені енді 3 айға 5 000 теңгеден теңдей бөліп, қайтарасыз. Айта кетейік, Kaspi Red үшін айлық төлемді кез-келген Kaspi Терминалдан немесе Kaspi.kz сайты арқылы Kaspi Депозиттен немесе Kaspi Gold картасынан төлеуге болады.

Тек қана бұл емес. Әрбір сатып алу кезінде Kaspi Red клубының мүшесіне бонус беріледі. 1% -кез-келген сатып алу үшін, 2% — егер Kaspi Депозитіңізде 1 миллион теңгеден артық сома болса. 5% және одан жоғары Kaspi Бонус акциялары кезінде. Бұдан бөлек Kaspi Red клубына мүше болған алғашқы айда 10 000 теңгеге сауда жасасаңыз, 1000 бонус сыйлыққа беріледі.

Шымкент Kaspi Red іске қосылған Қазақстанның үшінші қаласы. Клуб Алматыда 2016 жылдың тамыз айынан, Астанада биылғы жылдың ақпан айынан жұмыс істей бастады.

Kaspi Red мүшелері қазірдің өзінде бөліп төлеу шартымен 400 мыңнан астам зат сатып алып, 250 миллион Kaspi Бонус (1 Бонус = 1 теңге) алды.

Kaspi Red клубы туралы толығырақ Kaspi.kz сайтындағы Red айдарынан біле аласыздар.



Бөлісу: