KFW: гламурға қатысы жоқ қыздың жазбалары (екінші күн)

Кеш екінші күні де бір сағатқа кешіктіріліп басталды, бірақ, халықтың бұған еті үйреніп қалған сияқты ) Кешті Aida Kaumenovа сән үйінің топтамасы ашты, өте жеңіл, түрлі-түсті әдемі көйлектер қазіргі кездің ханшайымдарына арналған, қойылымның музыкалық сүйемелденуі де ерекше болды, бірақ бұларды Fashion TV көрген сияқтымын....

Тың және әсем деп Tamara Lamanukaeva мен Art Bis (Аягөз бен Ботагөз Қырғызбаевалар) топтамаларын айтушы едім. Art Bis осы топтамасындағы барлық киімдерді иеленсем ғой, шіркін..... Yerlan Zholdasbek топтамасаы өте нәзік, феминизмнен бойлары аулақ қыз-келіншектерге арналған. LaRiya сән үйі негізгі топтамамен қатар жас дизайнер Шернияздың да үлгілерін көрсетті. Шернияз классика мен спорт casual стильдерін араластырса, LaRiya ашық сары түсті және гүлді көйлектер мен комбинезондардан тұрды. Жалпы, гүлді, нәзік принттер осы жылдың басты трендтерінің бірі. Altynshash пен Georges Mak for Diamonds & Rock (Франция) топтамалары өзара ұқсас болып көрінді маған. Ең қызықсыз топтама деп Jado сән үйін айтар едім, бірақ жалпы, қойлымды тамашалай отырып, біздің дизайнерлердің шетелдік дизайнерлермен тең тұра алатындығын көріп, қуанып қайттым. 



Бөлісу: