KFC туралы қызықтар...

KFC туралы қызықтар.

 


Көпшілікке таныс KFC өнімдері қазір бəрімізге қолжетімді. Қаланың кез-келген жерінде KFC нүктелерін оңай тауып алуға болады. Оның бірегей дайындалу жолы, құрамындағы 11 түрлі дəмдеуіштің құпиясы əлі күнге жұмбақ болып қалуда. Оның құпия рецептісі жəне бірқатар дəмдеуіштерімен қоса, Луисвиллдегі штаб пəтерінде сейфта сақталатынын білесіз ба?
*Сонымен қоса, Полковник Сандерс өз өнертабысына патент алмаған. Себебі патенттің жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін ондағы құпия бəріне ашылатынын білген. Дегенмен, ол рецепт Харланд Дэвид Сандерстің жеке өнертабысы ретінде бағаланып, оның меншігі ретінде есептеледі.
1991 жылы компания өзінің « kentucky fried chicken» атауын қысқартып KFC деп өзгертеді. Яғни, Кентуккилық қуырылған тауық еті деген мағына береді.Өзінің алғашқы мейрамханасының ашылуына Харланд Сандерс ақ костюм мен қара галстукпен келеді. Мейрамханаға келушілерге бұл образ өте қатты ұнайды. Осылайша, бүгінде əр KFC қорабындағы немесе мейрамхана атауының қасындағы Сандерстің бейнесі сол кунгі образымен бейнеленген.
Ал оның сол күні киген костюмімен қара галстугі аукционда өте жоғары бағаланған. Оны KFC-дің Жапониядағы филиалының президенті Масао "Чарли" Ватанабе 21 510$ долларға сатып алған.
Полковник Сандерс қайтыс болғанда 4күн бойы Кентукки штатының əр қаласында ғимараттарда тулары төмен түсіріліп 4 күн бойы мерекелік шаралар өткізілмеген.



Бөлісу: