«Iphone 6 ұтып алыңыз»!

«Iphone 6  ұтып алыңыз»!
жеке
блог

Дәл қазір сіз аталған ұялы телефонды ұтып алу үшін осы блогты оқып отырсыз. Сіз бұл блогты оқымасаңыз да болады. Бірақ оқуға итермелеп тұрған оның қызықтығы емес, «Iphone 6» ұялы телефонын ұтып алу.

Қазір адамдарды түрлі сыйлықтар ұсыну арқылы оған қажеттілік жасаймыз. Тіпті кітап оқуы үшін де, шығармашылықпен айналысуы үшін де сый береміз. Сыйға-сый, сыраға-бал жасауға тура келеді. Дегенмен сіз ешбір сыйлықсыз жарысқа қатысып, өз тәжірибеңізді анықтап көрдіңіз бе? Өзіңізді шынайы еңбегіңіздің қандай болу керектігін тегін сынап көрдіңіз бе?

Қоғам барынша осы дүниеге бет бұрып кетті. Сый болмаса жақсы дүние де тумайды. «Не береді?» екен дейсіз. Ештеңе бермесе, қатыспайсыз. Сонда сіз үшін сіздің өнеріңіз тек ақша не сыйлықпен өлшенуі керек пе?! Халықтың ықыласы, олардың пікір мен мақтауы аздық ете ме?! 

Ең қызығы сіз, тақырыпта тұрған тырнақшаға да «» мән бермедіңіз!

Блогты оқып шыққаныңыз үшін, сізге рақмет, оқырман! Байлықсыз да бақытты жасауға болатынын ұмытпаңыз!