Instagram желісінде жазылушыларды(подписчики) қалай көбейтуге болады?

Instagram желісінде жазылушыларды(подписчики) қалай көбейтуге болады?
жеке
блог

Инстаграм әлеуметтік желісінде әр жазбаңыз қанша лайк жинаса,сонша адам оны көреді деген сөз,яғни танымалдылығыңыз артады.Ал сіз лайк пен пікірлер санын арттыру үшін не істейсіз? 

Соңғы зерттеу жұмыстары бойынша инстаграм қолданушылар саны 1 жылдың ішінде  33%-ға кеміген.Бұл әрине,жақсы жаңалық емес,алайда Instagram жастар арасында ең танымал әлеуметтік желілердің бірі болып қала береді.Зерттеу жұмыстарымен айналысатын Later компаниясы инста қолданушыларына лайк пен пікір санын көбейтіп,жаңа жазылушыларды арттыратын 4 кеңеспен бөліскен еді. 
 
1.Хэштегтерді қолданыңыз Тым болмағанда 1 #хэштег жазылған жазба хэштегсіз жазбаға қарағанда 12 %-ға көбірек қызығушылық тудырады.Егер инстаграмдағы  аудиторияңыздың қызығушылығын арттырғыңыз келсе,хэштегтен бастаңыз!Дұрыс қолданылған хэштег басқа қолданушыларға сіздің суреттеріңізді оңай табуға көмектеседі.Инста желісінде аса танымал хэштегрден бөлек өз аудитроияңызға сай хэштегтерді қолданып көріңіз.Алайда бір жазбаға қойылатын хэштег саны 5-тен аспағаны дұрыс.
 
  2.Әр суретіңізге мағыналы пост жазып үйреніңіз Жақсы жазылған жазба-суретке әр береді.Аудиториямен тікелей байланыс орнату үшін оны қызықтыра білу қажет.Сіздің жазбаңыз фоллоуерлеріңізге айтылған өтініш,қойылған сұрақ болуы мүмкін немесе тіпті өзіңіздің көрген білгендеріңізбен бөлісуіңізге болады.Сіздің жазбаңыз оқыла бастағанда-ақ қызығушылық тудыруы керек,сондықтан аудиторияға деген өтініш-тілектеріңізді жазба соңына қалдырмаңыз.Өйткені адамдар жазбаны соңына дейін оқып шықпауы да мүмкін. 
 
 3.Суретіңізді «дәл уақытында» салыңыз Егер суретіңізді жазылушыларыңыздың басым көпшілігі онлайн отырғанда салсаңыз,оны көретін адамдардың саны да көбірек болмақ. Фоллоеурлеріңіздің «белсенді» уақытын анықтау үшін өзіңіз эксперимент жүргізіп көруіңіз керек:суретті әр күні әр уақытта салыңыз,қай уақытта суретіңіз көбірек лайк пен пікір жинады?Сіздің суреттеріңізді жариялайтын қолайлы уақытыңыз сол болмақ. 
 
 4.Әртүрлі конкурстар ұйымдастырыңыз Инстаграмдағы фотоконурс- аудитория жинаудыңең қызықты әрі нәтижелі әдісі.Егер инстадүкен жүргізіп отырсаңыз фотоконкурс арқылы клиенттерді оңай жинай аласыз.Жазылушыларыңызға жай ғана 3 досын тегтеуді немесе өзіңіздің белгілі бір хэштегтеріңізді жазуды өтініңіз.Соған сай ұтысқа қойылған дүниеңіз де бағалы әрі сіздің инстадүкеніңіз жайлы хабардар ете алатындай болуы керек. 
 
Қосымша ақпараттар: -Егер сізде 1000 жазылушы бар болса онда әр суретке 37 лүпіл жинай аласыз; -Егер 500 адам болса,19 лүпіл жинайсыз; -Жазылушыларыңыздың саны 5000 және одан да көп болса 185 лүпіл жинауға мүмкіндігіңіз бар деген сөз! Жай жұмыс күндері суретіңізді сағат 17:00-18:00 аралығында,дүйсенбі күндері 17:00-20:00 аралығында жарияласаңыз көріліміңіз көбірек болады.
 Дереккөз:te-st.ru