IT-дағы журналистика,болашағы мен бүгіні.Студенттік өмір.
блог
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетіндегі журналистика
Оқу орнындағы журналистика негізгі, үлкен кафедралардың бірі.
Бұл университеттегі журналистика дәстүрлі түрден ерекше заманауи цифрлық форматта оқытылады.Факультеттің негізгі 4 бағыты бар:
· Бизнес журналистика,SMM,PR
· Цифрлық журналистика
· Халықаралық журналистика
· Телерадио журналистика
Осы салалар Қазақстан медианарығына үздік журналист мамандар әкеледі.Елдің зияткерлік элитасын дайындайды.
Бүгінгі күндегі және болашақтағы журналисттік оқу бағдарламасы
Қазіргі уақытта ХАТУ-да журналистика жыл сайын жаңа методика мен журналистикалық ұйымдардың медианарық талаптары бойынша профессорлармен оқытылады.Теория мен практикалық жұмыстар студенттерді шыңдап, мамандыққа дайындайды. Лабораториялық кабинеттер мен аудио,видео құрылғылармен қамтамасыз етілген оқу орны жоғарғы деңгейде білім береді.
Журналисттік болашаққа қадам ретінде негіз болатын IT оқу орны мамандықта дамып,өз салаңның үздігі болуға кірпіш қалайды.
Осында оқу кезеңі мен қатар студенттік өмір де көңілді,белсенді түрде өтпек. Жастық шақтың есте қалардай өтуі оқу жолында қызықтырақ болады.Әртүрлі бірлестіктер мен клубтар студент өмірін жарқын етеді.
Оқу барысында Конвергенттік журналистика мен PR сабақтарының негізін,функция,мақсаттарын түсініп,журналистикаға бір қадам жақындадық.Журналистика мамандығының не екенін түсініп,одан ары қарай терең түсінудеміз.
Джақсыбек Ерасыл
ХАТУ студенті