How can you eat that shit?
блог
Қытайда оқуда жүрген досым Мейіржан айтады. Жатақханада қазақтардан жалғыз өзім қалғанмын. Американдық Сэммен бірге тұрамын. Қарны ашқан болуы керек, мұздатқышты ашып үңіліп, нәр сызатын бірдеңе іздеп жүр. пакеттегі етті көрсетіп, кімдікі деп сұрады. Азаматтыкі ғой. Ашып қарасам, қазы! Сэмға айтып жатырм, бұл етті сен өміріңде жеп көрмегенсің, менің вегетариан болмай жүрген жалғыз себебім де осы қазы деп. Ол қуанып дайындауға кірісіп кетті. Мен өз жұмысыммен қайта алданып кеттім.
Сэм қайта келіп қалай пісіретінін сұрады. Мен жұмысымның ең нәзік тұсын жасап жатыр едім, ешкімге көңіл аударуға шамам жоқ. «Мир*, қалай пісіреді?». «Қоя тұршы, қазір». «Айта салсайшы, қуыра ма?». «Сэм, күте тұршы ойымды бөлмей». «Ей, қарным ашты, айта салсайшы, қуыра ма, не істейді?». Оның не деп жатқаны басыма кіріп жатқан жоқ. «Иә, иә, істей бер солай» деп салып құтылдым. Жұмысымды ертеңге дейін бітіруім керек. Ештеңеге алаңдауға қақым жоқ.
Сэт кеткен асханаға. Жарты сағаттан соң келіп тұр. Түрі әбіржіп кеткен. Қолында таба. Табаның түбінде ұзын бірдемелер қап қара боп қатып қалыпты. Маған көрсетіп: «Miir, is that what are you talking about? Tell me, how can you eat that shit**?» деп қарап тұр.
Бұл иттің баласы қазыны қуырыпты.
*Мейіржан.
**Мейржан, сенің айтып жатқаның осы меді? Мынаны айтшы, мынадай боқты қалай жейсіңдер, а?