Hello немесе 안녕

Егер артқа жол жоқ болса, барлық қателіктеріңді ұмыт та алға ұмтыл.

                                                                                                BTS "RUN"

Бүгінгі блогымда тіл тақырыбын қозғағы келіп отыр. Алға қойған мақсаттарымның ішінде ең алдымен ағылшын және корей тілдері тұрғаны белгілі. Екі тілді бір мезетте жетілдіріп , меңгеру оңай емес болғандықтан өз тапсырмаларымды қызықты әрі әртүрлі қылып істеуге тырыстым. Сонымен, бастаймыз!

Бірінші ағылшын тіліне тоқталсақ. Ең алдымен сөздік қорымды дамытуды дұрыс деп таптым. Сол себепті де арнайы күнделікті шеттілі сөздерін жаттауға арналған парақшаларды қолдануды жөн санадым. Осындай парақшаларға жазу әрі ойыңды жинақтауға, әрі тиянақты болуға көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар тек сөзбен ғана шектелмей, әрбір тіл үйренуші секілді грамматикаға да үлкен мән бердім. Сөйтіп, алғашқы күнімде ағылшынша 10 сөз тіркесін жаттап , 1 жаңа грамматика үйрендім. 

Ал ендігісі Кәріс тілі. Осы ұлттың мәдениетіне деген ықыласым шексіз болғандықтан корей тілінің де мен үшн орыны бөлек. Жалпы бұл тілді үйренуді мен өткен оқу жылынан бастаған едім. Ал, осы ала жаз бойы деңгейімді көтеру үшін арнайы курсқа бармақшымын. Алдағы 1-2 күнде курстар басталатындықтан ұмытқандарымды қайталап, сөздерді есіме түсіріп, бір пысықтап шықтым.

Алдағы жоспарларым жайында келесі блогтан біле аласыздар. Жетістіктерге бірге жетейік!



Бөлісу: