“Ойына алған істі 72 сағатта бастамаған адамдардың 85%-ы ешқашан жүзеге асыра алмайды”.Танымал кәсіпкер-жазушы Бодо Шефердің алтын кеңесі-көптеген мықты тұлғалардың өмірлік ұраны. “HackDay” сайысы да дәл осы принципті ұстанады. Бірақ 72 емес, 24 сағат. Иә, бір ғана тәулік.Өзіңізге сенімсіздік танытып, көптеген уақыт бойы ойыңызда жүрген жобаларды толық бір күн ішінде орындап, мақсатыңызға бір қадам жақындауға болады.
Ең алғаш 2011 жылы 300-ден астам қатысушы бар сайыс 2018 жылы 3500-нан асты. Ең жасы-11 жасар оқушы болса, ең үлкені-60 жасар азамат. Білім мен ғылым жас таңдамайтынын осыдан-ақ көруге болады.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IT) ұйымдастыруымен өтетін іс-шараға Samsung компаниясы жыл сайын қолдау көрсетіп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен қуантуда.“Ақпараттық технологиялар”, “Кино және видео”, “Контент пен медиа”, “Дизайн мен анимация”, “Мобильдік технологиялар”. Аталған 5 бағытта түрлі тапсырмаларды орындап, идеядан прототипке жеткізеді.ҚР Білім және ғылым министрлігінен, Ресей мен Египеттен арнайы қонақтар келіп, тәжірбиелерімен бөлісті. IT университетімен серіктес танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген айтулы іс-шараға ат басын бұрып, қолдау көрсетті.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қатысушылар үшін спикерлер табысты болудың құпияларымен бөлісіп, тапсырмаларды орындауға көштіHackDay-дің бірінші күні міне, осылай мәресіне жетті. Таңға дейін университет қабырғасында идеяны шындыққа айналдырып, 11 қараша күні әділ-қазылар алдында жобаларын қорғамақ. Барлық қатысушыларға сәттілік серік болсын дейміз.