"Go Viral" жаңа есімдерді таныстырды
жеке
блог
блог
Үш күн қатарынан ҚБТУ ғимаратында өткен Go Viral, фестиваліне мыңнан астам адам мен Орталық Азия мен АҚШ-тан келген медиа, мәдениет, технология, бизнес саласының 80-нен астам кәсіби маманы қатысты.
Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер фестивальдің ашылу салтанатында: «АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясының бірі глобалды экономика саласында ынтымақтастық пен қолдау. Бұл фестиваль жаңа есімдерді тануға, start-up жобалардың іске асуына мүмкіндік береді,» - деп айтқан еді.
Фестиваль аясында өткен «Startup Go» байқауы өтті. Avocado, Sezual, TuraqShare командалары жеңіске жетіп, өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.