Жақында, 1000 жылдық тарихы бар Алматы қаласында «Gakku дауысы -2016» музыкалық фестивальі өтті. Бұл фестивальға қазақ эстрадасының жұлдыздарымен қоса, енді танылып келе жатқан өнер иелері де қатысты. Әуенді кешті жоғарғы деңгейде өтті деуге келмейді. Себебі, сол кештегі өнерпаздардың орындауындағы әндердің естілу сапасының төмендігі қатты білінді. Артқы қатардағы көрермендердің естуі оңай болмады. Сонымен қатар, жарықпен әрлеушілердің де қателіктері баршылық. Ал, енді өзіміздің сүйікті орындаушыларымызға келсек, фонограммасыз айта алмайтындарын тағы да бір дәлелдегендей болды. Тірі дауыста ән шырқаған, өзімнің көңілімнен шыққан бірнеше адамды айтуға болады. Солардың бірі, әрі бірегейі - Роза Рымбаева. Бұл кісінің ән орындауына күллі Алматы қаласы тәнті болды десем, артық айтпағаным болар . Қалған өнер иелері осы кісіден үлгі алса, болашақта сол кісідей үлкен дәрежелі өнер иесі болатыны сөзсіз. Ол үшін аянбай еңбек ету қажет. Келесі жылғы «Gakku дауысы» музыкалық фестивальінде бұл аталған кемшіліктердің барлығы болмайды деген үміттемін.