Expo 2017 жәрмеңкесін өткізу Қазақстанға қажет пе?!
блог
World EXPO (EXPOsition(ағылш) - жәрмеңке) - әлемнің әр бұрышында белгілі бір тақырыпта өтетін бүкіләлемдік шара. Экспо ең алғаш рет 1851 жылы "Халықтардың өнеркәсіптегі жетістіктерінің ұлы жәрмеңкесі" деген атпен принц Альберттің бастамасымен Лондон өткен. Осы бастамадан кейін жәрмеңкені әр 2-3 жыл сайын әлемнің әртүрлі қалаларында өткізу дәстүрге айналған.
Жәрмеңкені өткізетін аумақты дайындауға, қажет ғимараттар салуға кететін шығынның бәрін өткізуші мемлекет өз бюджетінен жұмсайды.
Мысалы, 2010 жылы Шанхайда өткен ЭКСПО 2010 жәрмеңкесің аумағы 5,28 км2 құраған және ол ең қымбат ЭКСПО болып саналады. Жәрмеңкенің пайда көзі өзге елдерден тартылуы мүмкін инвестициялар мен келетін туристтер болып табылады. Назар аударарлық мәселе - ЭКСПОны өткізуші мемлекет инвестиция тартылатын тартылмайтынын, болған жағдайда қандай көлемде болатынын алдын ала білмейді. Дәл солай ЭКСПОга келушілер саны өзгермелі, аз да болуы мүмкін, көп те болуы мүмкін. Сол себепті өткізуге келіскен мемлекет тәуекелге бел буған секілді. Әртүрлі инвесторлар келіп мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосуы мүмкін, әлде толығымен шығынға батуы мүмкін. Сондықтан, көп мемлекеттер ЭКСПОға күмәнмен қарайды. Мысалға алсақ, 2000 жылы Ганноверде өткен ЭКСПОға Голландия 35 млн евро жұмсап, әртүрлі инвестиция түрінде 350 млн евро пайда тапқан.
Ал енді біздің мемлекеттің жағдайын алсақ, Қазақстан - дамушы мемлекет. Қазақстанға инвестиция тартып инфроструктурасын дамыту ауадай қажет, сондықтан қандай тәуекелге бару керек болса да ЭКСПОны өткізу табылған ақыл деп ойлаймын.