Ekokookасханасы

Ekokookасханасы
жеке
блог

Класс тайм 13.06.12

Қалалы жерде халықтың көпшілігі шағын пәтерлерде өмір сүреді, ондай үйлерде асүй бөлмесі таршылық етіп жатады. Тұрмысыңыз жайлы болуы үшін әсіресе, ас бөлмесінің кең болғаны тым жақсы болар еді. Бірақ, болашақта бұл арманыңыздың да жүзеге асуы әбден мүмкін. Ас үйдің кейбір концепт-үлгілері алдағы уақытта әркім үшін қолжетімді болмақ.

                                                                  Ekokook Асханасы

Ыңғайлы, әрі түрлі пайдалы функциясы бар асүйдің жаңаша үлгісін Виктор Массип(Victor Massip) пен Лоран Лебот (Laurent Lebot) атты екі тапқыр бірлесіп жасапты. Жаңа асүйдің концепт-үлгісіEkokook деген атауға ие болды. Ekokook асханасы қалдықтарды өңдеу жүйесімен жабдықталған. Бұл асүй жабдығы қатты және сұйық қалдықтарды өңдейтін немесе сақтай алатын бірнеше модульді құрылғыларға ие. Шыны, қағаз не пластик сынды қатты қалдықтар арнайы сүңгімелерге жиналып, ұсақталады. Ал тағам қалдықтары арнайы контейнерлерге сақталып, шірінуге қарай жауынқұрттар салынған топырақ жәшігіне салынады. Барабан түріндегі контейнерлер ауық-ауық айналып тұратындықтан, қалдықтар бір қалыпта көп жатып қалмайды. Үш айдан кейін сіздің тамағыңыздың қалдықтары компостқа айналады.

   Сонымен қатар, бұл асүй жабдығы ыдыс жуғыш машина, тоңазытқыш және бумен істейтін пешпен қамтылған. Ал су ағатын орынның астындағы резвервуар суды тазартып, май мен көпіршіктен құтқарып отырады. Тазартылған суды өсімдіктерді суаруға немесе ыдыс жууға, не еден жууға пайдалануға әбден болады. Осы арқылы асүйдің иелері суды да үнемдей алады.

                                                                                                                                                                                           Гүлжан Серік