«EXPO-2017» көрмесі – бір жарым ғасырлық тарихы бар бүкіләлемдік индустриализацияның шоқтығы биік тұғыры. Халықаралық көрменің басты мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтануды ынталандыру. Тарихқа үнілсек, бүгінгі күні пайдаланып жүрген телефон, теледидар сынды коммуникациялық құрылғылар «EXPO» көрмесі кезінде жоба ретінде таныстырылып, күнделікті өмірде қолданысқа енген. Ал биыл өтетін көрменің атауы – «Болашақ энергиясы» тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігін мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу. Көрмеде тек инновациялық технологиялар мен техникалар ғана емес, қазақ халқының тарихынан сыр шертетін мәдени және әдеби мұралары қонақтарға таныстырылады.
Халықаралық көрмені өткізу мәртебесін жеңіп алған сәттен бастап қазіргі күнге дейін қоғамда сан түрлі ой-пікірлер туындап жатыр. «EXPO-2017» көрмесінің қалашығы қандай болмақ? Ғұмыры ұзақ бола ма? Тәуелсіздіктің 25 жылдық тарихында еліміз «Азиада ойындары», «Саммит» қыс маусымында «28-інші универсиада ойындарын» ойдағыдай ұйымдастырды. Ауқымы жоғары, жауапкершілікті талап ететін іс-шараларды өткізу барысында құрылыс ғимарат нысандары салынғанымен, кейіннен бос қаңырап қалуда. Оның себебі қандай? Сонда мемлекеттік қазынадан бөлінген қаржының халық үшін еш қажеті болмағаны ма? Әлде бұл халықаралық деңгейдегі өкілдерге көрсететін көзбояушылық па? «EXPO-2017» қалашығы келешекте өз қажеттілік ретін таба ма? Әрине, бұл көкейтесті сұрақтардың жауабын табу сіз мен біздің еншімізде қалған парыз. Оны тек халық қана емес, жоғары билік шешетіні тайға таңба басқандай белгілі. Сондықтан артық қыламыз деп, тыртып қылып алмайық. «EXPO-2017» қалашығы білімді әрі білікті ғалымдардың, ғылымға жаңалық енгізетін жас толқынның қаласы болу қажет. Көптеген мүмкіндік сыйлыған елімізге бұл жоба жаңа серпін әкеледі.