Cөз төркіні
блог
Аламан. Осы сөздің түп-төркініне үңіліп көрдіңіз бе?
Айналысар шаруа аз ба көп пе әйтеуір баршылық, сондықтан да болар интернетте аса көп отыра бермеймін. Танығаным Массагет, оның өзін тиіп-қашып, сырттай қызықтағаннан аса алмай жүрген жайымыз бар. Бір-бірге себеп болады, бүгін Нұрдәулет Болатовтың «қуған», артынша «айыбын жуған» қос блогын оқудың сәті түскен еді. Сол, Нұрдәулет «Поэзия адамын» таныстыра келіп «Аламан» ұлттық спорт порталы туралы мағлұмат бере кеткен екен. Іле ашып, танысып көрдім... Мәселе, оның ұнаған-ұнамағандығында емес... Осы жерде, бір оқиға еске түсіп отыр: аулымызда Бұрхан ата деген 94-ке келіп, қайтқан қария кісі болатын. Жылқы баласын, ат өнерін сүйіп өтті. Сол кісіге «Аламан» деген сөз жақпай-ақ қойды. Бірде, «Балам, бәйгенің атын «Аламан» деп қойыпты. «Аламан» деген негізінде аса тәуір сөз емес. Біз, «Аламан тасыр» дейміз, қап тесер нән тышқанды да «Аламан» деп жатамыз. Ал, енді осыны асыл текті жылқы малына, бәйгеге телу дұрыс па?», - деп, кейістігін білдірген еді. Сіз, не дейсіз замандас?