CorelDRAW X4 бағдарламасында қарапайым жарнама баннерін жасап үйренейік

Менің жұмысым тікелей осы бағдарламаға қатысты болғандықтан, сіздерге де көрсетуді жөн көрдім. Бұл бағдарламаны бір үйреніп алсаңыз, қызығы көп. Бітпейді, түбі жоқ. Кете береді, және бұл программамен жұмыс істеу мықты фантазияны талап етеді. Сіздерге қазір қарапайым ғана бір үлгісін көрсетейін. Сонымен:



1. Суретте көрсетілгендей бірінші шеңбер сызып аламыз.
2. Және көлемін белгіліеп аламыз, мысалы 200см х 100см деп алайық

3. Жоғарғы жағында «Импорт»-ты басамыз, немесе Ctrl+I басыңыз. Басқан соң терезе ашылады, суретіңіз сақталған жерден іздеп тауып аласыз да үстінен таңдап басып аласыз

4. Сосын сол жақта «Текст»-ты басасыз, кейін жазасыз, мысалы "Қымыз" деп алайық. Қалауыңызша көлемін кішірейтіп немесе үлкейтесіз.
5. Кейін оң жағында түстер орналасқан, мысалы суретте көрсетілгендей сары таңдаңыз. Ары қарай қалауыңыз бойынша тағы да жазу жазыңыз немесе тағыда сәндей түсіңіз

Қиын ештеңесі жоқ, міне мынау біздің дайын сыртқы жарнамамыз. Түсінбеген жеріңіз болса сұрай жатарсыздар.



Бөлісу: