Compromise
Бұл не деген құбылыс?!
Қақ айырылу... бөлініс.
"Қимай тұрып қоштасу",
Біз ойнаған - көрініс!
Болды ма деп - ғашықтық?!
Жауап іздеп... асықтық.
Жеткізбеді-ау ақыры,
Уақыт деген қашықтық.
Ойлайтыным - ақиқат!
Кезді аңсап оңтайлы...
Бір жолықсақ жетеді,
Бір болуға болмайды!
Себебі, біз - жандармыз,
Бір арнада кезіккен.
Бөлек кетсек... тағдыр ғой!
Сен оны шын сезіппең?!
Сондықтан да, ойлама!
"Кінәлімін" дегенді.
Тағдыр - шебер ойыншы!
Оңай қоспас сүйгенді!
Пы.сы:
Есіміңді жазбаймын,
("А"-ға,"Г"-ге,"Ғ"-ға деп)
Өкінгенмен - жек көру...
Менде, қалқам! Жоқ әдет!
© Накпаев Аян [24.Х.2014] [3:25]