Cол бір жан......

Cол бір жан......
жеке
блог

Сол бір жаңбыр жауып түңіреніп тұрған түні менің далаға шығып,сол бір жанға бара жатқан сәтім еді,,,көшеде тастай қараңғы түнек,,, маған сол сәтте сәлде болсын күш беріп жігерлендіріп,өз қорқынышымды жеңуге көмек болып тұрған көше бойындағы шамдардың сәулесі мен сол жанға деген сағыныш,сол жанның қуанышын көру үшін жетелеген мақсат қана.Жол жиегінде келе жатып оның бет бейнесін еске алып келе жатқан сәтім еді...

қыр мұрны жәдіреген көздері,кімнің болсын жүрегін жауламай қоймайтын ерекше бір өзіне тән жымыйғаны,ұзынша келген бойы,,,бәрін есіме алып жымыймасқа қауқар қалдырмайды.Осындай бір ерекше сезімге бөленіп келе жатқан сәтімде оң жақ қырымнан бір ұзын бойлы,ұсқыны адамның жүрегіне қорқыныш ұялататын бір жігіт келіп ыйығымнан қағып кетті.Үрейленгенім соншалық жан даусыммен айқайлай салдым,оның кәдімгі қарапайым адам екенін байқағанда ғана тынышталып,кешірім сұрап сол бір жігіттен тезірек алыстау мақсатында жылдам алға қарай жүре бастадым.

Енді ғана кеттім-ау деген сәтім де әлгі жігіт қайтып оралып,қолымнан қатты ұстап алып өзінің мені үйге дейін шығарып салғысы келетін ниетін білдірді.Жүрегім көмейіме тіреліп тұрғандай сезімде болдым.Қорыққанымнан дірілдеген даусыммен жоқ деп,-айқай салдым,сөзімді елемеген ол,менің артымнан жүріп,артымнан қалар емес.,,сол сәтте ұялы телефоныма қоңырау шалынды.Телефонның бетінде жазылып тұрған сол бір жанның есімін көріп,жүрегімде қорқынышпен қоса қуаныш бір мезетте ұялады.Тұтқаны ала салып қай көшеде тұрғанымды айта берген сәтімде,артымнан келе жатқан жігіт қадамдарын тездетіп жанымнан тап болды.Қолымды тағы да қаттыұстап алып,жіберер емес,жүрегім көмейіме тіреліп бар даусыммен бақырып кім болсын әйтеуір біреу шығады ау деген үмітпен еңірегеннен тамағым қырылдап қалған даусыммен көмек сұрадым.Әлгі жігіт қолымда келе жатқан кішкентай ғана бөтелкедегі айранымды жерге құлатып алдым,ұялы телефонымды да қолымнан түсіруге әлгі жігіт ынталанды.Тұтқаның ар жағында ашудан булыққан сол бір жанның «тиіссең өлтіремін»деген даусы жаңғыра шықты.

Бар күшімді салып,қолынан босатылып шығып алға қарай жүгіре бердім,алдымнан бір көлік шықты,көлікке отыра салып алдыға қарай жүріңізші деп жалбарына бердім,көлік жүргізушісінің қойған сұрақтарына жауап бере алмай,бір 150 шақырым жолдай жүргеннен соң бұл көлік жүргізушісі де жаңағы бір жігіттей емеспе екен?,деген үреймен көлікті тоқтатуын сұрап,көлік толық тоқтамастан бұрын,есікті аша салып,жүгіре бердім.Ұялы телефоныма оншақты рет хабарласқан сол жанның қоңырауына жауап бере алмадым.Көліктен түсіп жүгіріп келе жатқан сәтімде құлағыма соншалықты жылы бір дауыс естілді.Жаныма сол бір жан жүгіріп келіп құшағына алды.Соншама қорқыныштан кейін сол жанның келгеніне қуанып,қамқорлықты тапқанымды түсінгендей қуаныш пен қорқыныш сезімі бірдей санамды билеп алғанының әсерінен болу керек ,соның құшағында болған сәтте бір таусылмайтын бұлақ көзі сияқты көз жасым көзімнен егіле берді.